Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас» (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау  Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас»  (3 сынып, III тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас»
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын айта алады, мұғалімнен көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады;
Көптеген оқушылар: көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды, шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды табады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын өздігіген анықтайды, әдеби көркемдегіш құралдарды анықтайды.
Сабақтың басы
(Ұ) Ширату тапсырмасы.
«Eкi қoлды бір жұмыcқa жұмылдыpy» әдісі. Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды.
1.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec төpтбұpыш caлaды.
2.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec жұлдыз caлaды.
Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapын ecкepтіледі. Ocы тaпcыpмa apқылы oқyшылapдың жeкe жұмыc жacay дaғдылapы дамиды. Мидың eкi бөлiгi дe қaтap жұмыc жacayын дамыта отырып, шaпшaң oйлayлapын жeтiлдipіледі.
Бастапқы білімді қайталау
(Ұ) «Ұшақ» әдісі арқылы бастапқы білімді қайталау
Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы өткен сабақтағы мәтіндегі ақынның сөздерін пайдаланып кейіпкерді сипаттайды. Сипаттау кезінде көркем-бейнелі сөздерді қолданады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ақынның сөзін пайдаланып, өзін сипаттауда көмек қажет ететін оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетемін (сенің көзің қандай? Құлақ не үшін керек деп ойлайсың?)
(Б) өзін-өзі сипаттай алған оқушылар сабаққа уәждерін арттыру үшін мадақтау сөздері арқылы бағаланады.
(Т) Топқа бөлу. Оқушылар батырлардың аттарына байланысты үш топқа бөлінеді.
1 топ – Қабанбай
2 топ – Бөгенбай
3 топ – Райымбек
4 топ – Жәнібек
Оқушылар мұғалім ұсынған тәулік бөліктерінің суреттерін таңдау арқылы топтасып отырады.
Оқу мақсаты хабарланады. Оқушыларға бағалау критерийлерін таныстыру
Сабақтың ортасы
(МК, Т) Суреттер топтамасына сүйеніп, бүгінгі сабақтағы сурет бойынша шығарманың кейіпкерлері туралы әңгімелеу ұсынылады.
«Тұжырымдамалық карта» әдісі арқылы шығарманың кейіпкерлері туралы тұжырымдамалық постер жасау тапсырылады. Соңында әр топтың жұмысы бағаланады.
Тақырып бойынша сұрақтар қойылады:
˗ «Ерлерді ел ұмытпас» дегенді қалай түсінесің?
˗ Тағы қандай ержүрек батырларды білесің?
Тұжырымдамалық карта үлгісі: (топтарға суреттер беріледі).
Саралау: қорытынды тәсілі арқылы саралау. Тапсырма барлық оқушыға бірдей беріледі. Топта қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасауды үйренеді.
(Б)«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың кейіпкер туралы тұжырымдамалық карта толтыруы бірін-бірі бағалау ұсынылады.
2-тапсырма
(МК, Ұ) «Еркін талқылау» әдісі
Несіпбек Айтұлының «Ерлерді ел ұмытпас» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. Шығармадағы сөздерді теріп жазып мағынасын түсіндіру тапсырылады. Тапсырма барлық оқушыға беріледі. Сөздер неліктен басқа түспен белгіленгеніне назар аударылады. Теңеу сөздерге түсініктеме беріледі.
Кесте үлгісі:
Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі Мағына
құт
жұт
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі. Кестеге түсіріп, сөйлем құрастыру кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіліп отырады.
(Б) «От шашу» әдісі арқылы мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтау бағаланады.
3-тапсырма
(Ө; Т; МК). Несіпбек Айтұлының «Ерлерді ел ұмытпас» шығармасын «Борт журналы» әдісі арқылы әңгімені қайта оқып көркемдегіш құралдарды табу ұсынылады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.
«Борт журналының үлгісі:
шығармада ғы сөздер түсіндір месі графикалық сызбасы, суреті
тентіреген
ақылгөй
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да мүмкіндіктері мен деңгейлеріне қарай нәтижелері әртүрлі күтіледі.
(ҚБ) «Желкенді кеме» әдісі арқылы бағалау.
Желкенді үш түске бояу қажет.
1. Егер тапсырмада бәрі түсінікті болса, желкенді жасыл түс.
2.Тапсырманы орындауда қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түс.
3. Егер тапсырма қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түс.
4-тапсырма
(Ұ, МК) «Допты лақтыру» әдісі
Мұғалім доп лақтырып оқылған шығарманың мазмұны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау үшін сұрақтар қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. Сұрақтар:
1. Өлеңде қандай батырлар туралы айтылған?
2. Елімізді батырлар неден қорғады?
3. Жалпақ елдің көсемі болған батыр кім?
Саралау: Қорытынды саралау әдісі арқылы барлық оқушылар бір бір сұраққа жауап берсе де, олардан әртүрлі нәтижелері күтіледі.
(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылытбағалау.
Жасыл түс – барлығын түсіндім;
Сары немесе қызыл түс – Нені түсінбедім?
Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдайды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Қасым Қасым Қасымдар» Сәкен Иманасов (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Ақын деген кім?» Қанат Қайым (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» (4 сынып, II тоқсан)
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Несіпбек Айтұлы «Ерлерді ел ұмытпас»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]