Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Халық ұстазы Қ. Сәрсекеев «Бала Ахмет» (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Халық ұстазы Қ. Сәрсекеев «Бала Ахмет» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Халық ұстазы Қ. Сәрсекеев «Бала Ахмет»
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау;
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру;
3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық: шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады;
Көптеген оқушылар: шығарманы құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды, мәтіннен қажетті ақпаратты түртіп алып оқиды; мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;
Кейбір оқушылар: мәтін бөліктеріне ат қояды, жоспар құрастырады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды геометриялық фигураларды таңдау арқылы (артқы бетінде топ аттары жазылған)3 топқа біріктіреміз.
І топ. Ақын
ІІ топ. Ұстаз
ІІІ топ. Ғалым

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы Ахмет Байтұрсынов туралы білетіндерін бөліседі.
Үлгі: Ақын, ғалым, ұстаз, аудармашы, «Әліппе» авторы, 1872- 1937жж
«Идеяларды толықтырамыз» әдісін сүйеніп берілген пікірлерді пайдаланып мұғалімен көмегімен Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімелейді.
1. Ахмет Байтұрсынұлы – халықтың рухани көсемі. (М. Әуезов)
2. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін. (С.Сейфуллин)
3. Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышы» Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің әліпбилері. (З. Қабдолов)
4. Ахмет Байтұрсынұлы – біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із қалдырған жаңашыл ағартушы.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Бағытталған оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды.
1. Мәтін мазмұнын баяндайды.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Үлгі сұрақтар:
Ахметтің дүниеге келген жерінің атауы?
Ахмет қандай еді?
Ахметтің өсуіне әсер еткен ақындарды ата.
Оның ұстаздық жолына түсуіне әсер еткен кім?
Сейдахмет ақын Ахмет туралы не айтты?
Сейдахмет ақынның үміті ақталды ма?
3. Жоспар құрады, жоспарға сүйеніп әңгімелейді.
Жоспар:
1. Ахметтің туған жері
2. Ахметтің ұстаздары
3. Ы.Алтынсариннің ықпалы
«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
 сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
 мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
 мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтады.
 құрастырған жоспары бойынша әңгімелейді.
3-тапсырма
(МК, Ө) «Кубизм» әдісі арқылы мәтінге сүйене отырып Ахметті сипаттайды.
Үлгі: алғыр, қабілетті, зерделі, ынтасы зор, ақылды, зерек.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) Жасыл түс – толық сипаттай алдым
Қызыл түс – кей қырларын аша алдмадым
Сары түс – мәтінге сүйеніп сипаттауым толық емес
4 - тапсырма
(МК, ЖЖ) «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы мәтінде «Сейдахмет ақын артқан үмітті Ахмет ақтады ма?» өз ойы мен сезімін, көзқарасын білдіреді
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
5 - тапсырма
(МК, Ө) «Кластер» стратегиясына сүйеніп пікірлерді пайдаланып топ алдында сөйлейді.
1. Ахмет Байтұрсынұлы – ақын.
2. Ахмет Байтұрсынұлы – ұстаз.
3. Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі
(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Суды қалай ішеді «Жануарлар суды қалай ішеді?» С. Боранбаев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Балалар елін бағындыру» Н. Ақышев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Интернет туралы ойларым Ә Табылды Аман мен телефон (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов (3 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Халық ұстазы Қ Сәрсекеев «Бала Ахмет» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Халық ұстазы Қ Сәрсекеев «Бала Ахмет»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]