Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Пулеметші батыр қыз Сәду Машақов «Мәншүк» (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Пулеметші батыр қыз Сәду Машақов «Мәншүк» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Пулеметші батыр қыз Сәду Машақов «Мәншүк»
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өлеңді шолып оқиды, кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды табады;
Кейбір оқушылар: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды анықтайды, сөйлеу барысында қолданады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды батыр қыздар есімін құрау арқылы 3 топқа біріктіреміз.
І, ІҮ топ – Мәншүк Мәметова
ІІ, Ү топ – Әлия Молдағұлова
ІІІ, ҮІ топ – Хиуаз Доспанова
Батыр қыздар туралы әңгімелейді. (алдын ала тапсырма беріледі)
Қосымша ақпарат:
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ө) «Ой қозғау» әдісіне сүйеніп Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы немесе соғыс деген сөздерге өз ойларын білдіред
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар
2-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп түрлі дереккөздерге сүйеніп Сәду Машақов пен Мәншүк Мәметова туралы әңгімелейді. (алдын ала берілген тапсырма)
Қосымша ақпарат: Сәду Машақов (1906-1995) - Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған.
Аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағының өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма жұпта орындалады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, дереккөздерге сүйеніп әңгімелейді. .
(Б) «Бағдаршам» арқылы бағалау
3 - тапсырма
(Ұ, Т, МК) «Детектив» әдісі. өлеңге сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды және өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады.
1. Сәду Машақовтың «Мәншүк» өлеңін түсініп оқиды.
2. Оқып болған соң таладау жасалады, кейіпкерді көркем сөзді қолданып сипаттайды.
3. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Қаһар- ашу, ыза.
Қатуланған – ашуланған, кектенген.
Жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген.
Қауіп – қорқыныш, қатер.
«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 өлеңде сипатталған оқиғаны анықтайды;
 берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
 кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
 көркем сөздерді анықтайды;
 көркем сөздерді орынды қолданады.
4 - тапсырма
(ОТ, ЖЖ)
«Кластер» әдісімен кестеге сүйеніп Мәншүкке сипаттама береді.
Үлгі:
Кейіпкер Сипаттама
Мәншүк Өлім қаупінен жасымаған.
Батыл
Ержүрек
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.
5 - тапсырма
(МК, Ұ) «Толықтыр, өзгерт, дамыт, күрделендір» әдісімен берілген сөздермен сөйлем құрайды, дәптерге жазады.
1. Оқушыларға «Сөздерді оқы, түсініп ал» деген тапсырма беріледі.
2. Осы берілген сөздерден сөйлем құрастрыу тапсырылады.
3. Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар құрастырған сөйлемін толықтырады және оқиды.
Бірнеше жауап тыңдалады.
Түп нұсқа: Мәншүк Мәметова – пулеметші, батыр қыз. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Мүмкін нұсқа: Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол – пулеметші, батыр қыз.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі
(Б) «Смайликпен» бағалау әдісі. Оқушылар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған оқушы үстеліне жапсырады.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем» (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Төлеген Айбергеновтің «Аппақ қыс» (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» (4 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Пулеметші батыр қыз Сәду Машақов «Мәншүк» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Пулеметші батыр қыз Сәду Машақов «Мәншүк»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]