Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау» (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау»
Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру;
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді түсініп оқиды, өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Көптеген оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқи алады, өлеңнен әдеби көркемдегіш құралдарды табады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы көркемдегіш сөздерді анықтайды, өлең мазмұны бойынша шығармашылық сұрақтар қояды, жауап береді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды буындарды біріктіріп сөз құрау арқылы 4 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Мектеп»
2-топ: «Қоңырау»
3-топ: «Білім»
4-топ: «Кітап»
Оқушылар құраған сөздері жайлы өз ойын айтады, топтарға бірігеді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ө) «Ой қозғау» әдісі арқылы сөзжұмбақ шешу.

1. Оқығанды көңілге ..ықыласпен... тоқылық.
2. Кел, .балалар,... оқылық.
3. ..Оқысаңыз .. балалар.
4. Шамнан .. шырақ .. жағылар.
5. ..Сиса .. көйлек үстіңде.
6. Қартайғанда мал .жинап....
Ыбырай Алтынсарин туралы білетін мәліметтерін ортаға салу. (дереккөздерден ізденуге болады)
Қосымша: Ы. Алтынсарин- ұстаз, мектеп ашты, жазушы, педагог, ағартушы. Қазақ даласына қоңырау соққан алғашқы ұстаз. Ұстаздың ашқан мектебі Торғай жерінде күні бүгінге дейін сақтаулы..
Автор жайлы мәлімет:
Ғ. Қайырбеков – ақын. (1928 – 1994жж) Торғай қаласында дүниеге келген. «Дала қоңырауы» атты поэмасы бар. Онда Ы.Алтынсаринді сипаттаған.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Мадақтама» әдісі Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Бірлесіп оқу» әдісіне сүйеніп өлеңді түсініп оқиды. Өлең бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.
«Айрықша тапсырма» әдісімен дарынды оқушылар өлеңнен теңеу сөздерді белгілеп отырады. Топ алдында оқиды. Теңеу сөздерді жазып қойыңыз.
Дәптермен жұмыс: Сөздік
қалың ел - халқы, елі,
қара қазан - жұрты,отбасы, жанұясы
сары бала - ұрпағы
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
өлең мазмұны түсінеді;
 өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
 теңеу сөздердің теріп жазады;
өлең бойынша сұрақтар қояды;
өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді
3-тапсырма
(ЖЖ, ОТ) Әр жұп «Карусель» стратегиясы бойынша мұғалімнің көмегімен түрлі дереккөздермен жұмыс жасай отырып, Ы.Алтынсарин туралы мәліметтерді жазады. Ортада қорғайды, толықтырады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) «Бағдаршам» әдісі
Жасыл түс – барлығын мәліметті таптым.
Қызыл түс – мәліметтер жартылай болды
Сары түс – мәлімет аз таба алдым
4 - тапсырма
(МК, Т, Ө) «Лездеме» әдісіне сәйкес Ы.Алтынсарин туралы тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырып, топ алдында сөйлейді.
Тірек сөздер: «Ағартушы», «Ақын» , «Жазушы»
Үлгі:
Ы.Алтынсарин ең алғаш мектеп ашып, балаларға білім үйреткен ағартушы. Ы. Алтынсарин балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, орыс тілінен аударып мысал өлеңдер жазды. Себебі, ол – ақын.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Қасым Қасым Қасымдар» Сәкен Иманасов (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Қасым Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді» (4 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Жарық жұлдыз Ғафу Қайырбек «Алғашқы қоңырау»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]