Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Қазақ биі» Шара Жиенқұлова (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  «Қазақ биі»  Шара Жиенқұлова (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: «Қазақ биі» Шара Жиенқұлова
Оқу мақсаты: 3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады
Кейбір оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.
Топқа бөліну
1-топ Бишілер
2-топ Ақындар
3-топ Жазушылар
4-топ Әншілер
Сабақтың ортасы
Шара Жиенқұлова (1912-1991) Алматы қаласында туған. Қазақ би өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан. Ол 16 жасында «биші қыз» атанған
1- тапсырма
(Ж,ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.
Шара Жиенқұлова «Қазақ биі» мәтінін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.
Кестені толтыр
Қолөнер түрлері Ұлттық ойындар
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.
ҚБ Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды
2-тапсырма
«Модельдеу» әдісі
Бишілер: Топтағы оқушылар «Қара жорға» биін билеу
Ақындар: Тақырыпқа байланысты өлең құрастыру
Жазушылар: Би өнері қалай пайда болды? (анықтамалық кітаптарды қолдану, іздену)
Әншілер: Топпен ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әннің бір шумағы мен қайырмасын айту немесе домбырада күй тарту
Саралау:. Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.
ҚБ «Топ белсенділіктерін бақылау»
Топпен жұмыс және ұжыммен жұмыс кезінде тапсырманы орындау барысында топ мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасауы мен белсенділіктерін бақылай отырып тапсырманың орындалуын бағалау.
3-тапсырма
(ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісі
«Өнерпаздар» өлеңін үнтаспадан тыңдату. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, тақырыпқа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
-Сыныбыңда өнерпаз балалар бар ма?
-Өнерпаз дегенді қалай түсінесің?
-Би өнерінің қандай ерекшелігі бар?
-Әнші болу үшін не істеу керек?
Саралау: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
4- тапсырма
(Т,Ұ) «Сурет сал» әдісі
Оқушыларға тақырыпқа байланысты сурет салу ұсынылады. Бірлесе отыра топпен жұмыс жасайды. Дайын болған суреттерін топ алдында таныстырады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады.
ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Оқу түрлерін қолдану Қыс (4 сынып, III тоқсан)
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тәуелсіздік күні Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердиев (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Қазақ биі» Шара Жиенқұлова 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, «Қазақ биі» Шара Жиенқұлова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]