Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады
Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды.
Сабақтың басы
Ширату
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй

Топқа бөлу «Түс таңдау» әдісі
Сары, көк, жасыл, қызыл-4 топ құру
Сурет бойынша болжам жаса

Тақырыпқа болжам жасайды.
Мәтінмен жұмыс - Тірек сөздер құру 3 мин
Мәтінді орындамас бұрын сурет бойынша өтетін сабаққа болжам жасайды.Суретке қарап өз ойларын айтады
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т,Ұ) «Әдеби шеңбер» әдісі
1-топ Белгілеуші
Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
Оқиғаның басталуы:
Жалғасуы:
Аяқталуы:
2-топ Байланыстырушы
Мәтін мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.
3-топ Қорытындылаушы
Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, шығарма композициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді.
4-топ Суреттеуші
Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма,сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады.
Саралау: Топта ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
2-тапсырма
(Т,ЖЖ) Ой қозғау” әдiсi:
Топтарға:
1.Шәмші Қалдаяқов кім?
2. Оның қандай әндерін білесің?
3.Халық композиторды неліктен жақсы көреді?
4.Өз сөзіңді «Шәмшінің әндері мәңгі жасайды. Ән де, әнші де туған еліне құс сияқты қалықтап,биікке ұша береді» деген пафоспен аяқта
Әншінің бір әнін орындау

Саралау:Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
3-тапсырма
(Т,Ұ) “Вен диаграммасы” әдiсi
Әннің құдіреті Ұқсастығы Күйдің құдіреті
Саралау
Екi нәрсенi, екi мәселенi қиылысқан екi шеңбердi сызбамен салыстыруға бағытталған, мағынаны тануға арналған
ҚБ «Бас бармақ»
Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау.
4-тапсырма
(Ж)"Шың" әдісі
Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкерлеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған.
Орындау барысы: Әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкердің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Дәптерге тапсырманы орындайды. Шығарманың бірнеше кейіпкерін алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады.
Саралау: Шығармадағы кейіпкерлердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
ҚБ «Смайликтер».....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау Жаз (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жақсылық жасау-борышың Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы» (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау «Дарабоз» Қ. Жұмаділов (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Ән өнері «Аққұс туралы аңыз» Оразбек Бодықов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]