Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім:Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады.
Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады,өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табады, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді.
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойына қатысты өз ойын білдіреді, көркемдеуіш сөздерді ажыратады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Т)«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқушыларды сабаққа қызықтыру.
«Ел қорғаны» дегенді қалай түсінесіңдер?
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, осы сұрақтың жауабын талқылаңыз.
• мұғалім 1 – 4 дейін санды таңдайды;
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;
- Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө, С, Қ) Мұғалім өлеңді оқу үлгісін көрсетеді. Сонан соң оқушылар алдымен жеке, сонан соң топта көңілді дауыс ырғағына салып кезек-кезек түсініп оқиды. Өлең оқылып болған соң, Олжабай батыр туралы қысқаша бейнематериал көрсетіледі.
Олжабай Толыбайұлы туралы бейнематериалды көрсету.
Интербелсенді тақтадағы «Сиқырлы ұяшықтарды» таңдау арқылы, әр топ ішіндегі сұрақтарды оқып, жауап береді.
1. Өлеңде кесенені қалай сипаттаған?
2. Олжабай батырдың ерлігі туралы не айтылған?
3. «Құтты өңірін құйқалы,
Қасиеттер ұрпағы!..» –
деп, қол жайып- дегенді қалай түсінесіңдер?
Сұрақтарды топта талқылап, ой бөліседі. Сонан соң кезек-кезек жауап береді. Басқа топ жауапты толықтырып, ой қосуына болады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау
- өлеңді мәнерлеп оқиды;
- өлең бойынша сұрақтарға жауап береді;
- өлеңнен негізгі ойды анықтайды.
2- тапсырма
(Ө) Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары
дүниеге келген?
Сергіту сәті «Бала, бала, балапан»
Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
3- тапсырма
(ТЖ) Өлеңді бөліктерге бөліп, кестені толтыр.

Сонадайдан көрінген,
Ақ кірпіштен өрілген
Кесене тұр,
Жайлаған
Сардаланың төрін кең...

«Құтты өңірін құйқалы,
Қасиеттер ұрпағы!..» –
Деп, қол жайып,
Күбірлеп,
Атам бетін сипады...

Жоңғар, қалмақ... –
Бір тыным,
Бермей,
Ілмей кірпігін:
Қорған болды Олжабай,
Ормандай ел жұртының. Күркіресе зор даусы,
Дүрліккен жау ордасы.
Ел жоқшысы Олжабай–
Абылайдың қолбасы.

Жаудың шебін сан бұзып,
Берді ел үшін жанды үзіп...
Тәубә, тәубә!..»
Деп атам,
Бөгелді іштен сәл тынып...
Өлеңнің бөліктері Негізгі ойы Өлеңде қолданылған көркем- бейнелі сөздер
Олжабай батыр кесенесі
Олжабай батырдың ерлігі
Олжабай батырдың сипаты
Саралау: қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.
(ҚБ)Дескриптор:
˗ өлеңнің әрбір шумағына ат қояды;
˗ өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
˗ кесенені, батырдың ерлігіне байланысты айтылған теңеу сөз тіркестерін табады.
4-тапсырма
(ЖЖ) Өзің тұратын қалада батырларға арнап орнатылған ескерткіштер бар ма? Жұбыңмен ой бөліс. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Ақын деген кім?» Қанат Қайым (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау С. Бегалиннің «Туған жер құдіреті» (4 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]