Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау C Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы) (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау C Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау C. Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы)
Оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі,
Көптеген оқушылар: мәтінді құрылымдық бөліктерін анықтап, бөліктерге ат қояды,шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады,
Кейбір оқушылар: мәтін бөліктерге бөліп, ат қойып, жоспар құра алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, салыстыра алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Т) Ойлан/ Жұптас/Талқыла – ой шақыру стратегиясы бойынша бастау:
- Сенің ойынша, «Шеге мен балға» ертегісі қалай аяқталады?
Сұрақ қойылғаннан кейін келесі іс- әрекеттер төмендегідей жүзеге асады:
 Оқушы сұраққа өз бетімен ойланады;
 (ЖЖ) Нұсқау бойынша оқушылар бір-біріне бұрылып, ойларымен бөліседі;
 (ТЖ) нұсқау бойынша топта сұрақтың жауабын талдайды.
 (ҰЖ) Әр топ бір- екі оқушы айтады.
 Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылады. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийі құрастырылады немесе таныстырылады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма Тыңдалым
Оқушыларға «Балға мен шеге» ертегісінің жалғасын тыңдайды. Ертегі қалай басталды, оқиға қалай дамыды, оқиға немен аяқталғаны сұралады.Сұрақтардың көмегімен мәтінді бөліктерге бөледі. Әр бөлікке ат қояды, жоспар құрастырады.
Сұрақтар Тақырыптар
Оқиға неден басталды?
Шегелер мен балғаның алды ауылдағы алғашқы күндері қалай өтті?
Қортық шегенің кезегі неге келмеді?
Майысқан шегенің саны неге көбейе түсті?
Кінәліні кім анықтады?
Оспан ата шегелерді қалай қуанатты?
Саралау: Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.
(ҚБ) Дескриптор:
˗ мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
˗ әр бөлікке тақырып қояды.
2- тапсырма
Оқушыларға кейіпкерлерді анықтап, оларға мінездеме береді. Өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі.
Сергіту сәті «Айгөлек»
Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
3- тапсырма
˗ Қай кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?
˗ Мінезі жайдары, ақ жарқын адамды да күнге балайды, қалай ойлайсыңдар, не себептен?
˗ Жақсы адам болу үшін өзіміздің «Ақыл қалта» қоржынымызға біраз мәліметтер қосып қояйық. Ол үшін біз «Сәйкестендір» тапсырмасын орындайық.
Саралау: тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.
(ҚБ) Дескриптор:
˗ мәтіндердің жанрларын анықтайды;
˗ әр жанрға тән ерекшеліктерді сипаттап айтады.
4- тапсырма
Оқушыларға топтасып шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау үшін пирамидалық кесте беріледі. Кестеге оқушылар сурет салу арқылы толтырады. Мәтін қандай жанрға жатады? Ойыңды дәлелде. Тапсырманы орындау арқылы ертегі жанрының ерекшелігін еске түсіреді.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Мәтіннің жоспарын құру Досы көпті жау алмайды (2 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әдеби шығарманың жанрын анықтау C Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы) 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Әдеби шығарманың жанрын анықтау C Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]