Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ)  Қатені табу және түзету (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, ақпараттарды кестеге түсіріп, сөйлемдерде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жазады.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, мәтін мазмұнына сәйкес ақпараттарды жинап, кестені толтырады.
Кейбір оқушылар: Әртүрлі дереккөздерден мәліметтер жинастырып, кестені толтырады, сөйлемдердегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетіп жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
- «Жақсы сөз»
- Арқамызға стикер жабыстырып мінезіне қатысты сөздер жазу, кері айналып сол сөздерді келесі оқушы оқиды.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Көне қалалар» туралы берілген мәтінді оқып таныстыру.
Мәтінді әртүрлі түспен белгіленген белгі бойынша оқиды.
1-2 азатжол – басы
3--ортасы,
4-соңы.
Әңгімені «ЖИГСО-1» әдісі бойынша оқуды ұйымдастыру.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді оқып шығуда қосымша уақыт беріледі. Оқығандарын өз сөздерімен айтады, қабілетті оқушылар көркемдегіш құралдарды қолданып, өз ойын еркін жеткізе алады.
Бағалау: топтар бір- бірін «Қол сигналдары» арқылы бағалайды.
2- тапсырма
«Үштік» әдісі
Оқушылар берілген сұрақтың жауабын жазып, түріп алады. Содан соң үш оқушыдан бөліне отырып, өз жауаптарымен салыстырады.
- Мәтінде қандай қалалар туралы айтылған? Неліктен көне қала дейміз?
- Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қала?
- Қазақ хандығының астанасы болған қала?
- 9- ғасырларда әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт- медреселер болған қала?
- Қазіргі уақытта Отырар қандай?
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім жетелеуші сұрақтар қояды. Қабілетті оқушылар ақпаратты бірден анықтайды.
Бағалау: Жауап соңында басқа топ «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
3- тапсырма
(Ө) (ҚБ) Мәтінді және әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, көне қалалар туралы мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.
Тараз Түркістан Отырар
_________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті оқушы қосымша дереккөздерден (ҚБ) Дескриптор:
• мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
• мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.
Сергіту сәті «Айгөлек»

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
4- тапсырма. Сөйлемдерді толтықтыр.
Айша-бибі кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет _____________, қазақтың Тәж-Махалы. Өзінің сәулеттік _________, __________ керегелерінің айшықтығымен бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс. Қазіргі _________ “Айша бибіге” осындай баға беруде.
Керекті сөздер: маржаны, сымбатымен, өрнекті, ғалымдар.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі.
5- тапсырма.
(Ө) (ҚБ) Мәтінде жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.
Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, нәтиже әртүрлі болады. Қабілетті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. .
(ҚБ) Дескриптор:
• мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
• мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.
Б: бағдаршам түстеріне сәйкес оқушылар өз- өздерін бағалайды. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Нені үйрендім? (бөлімді қайталау) (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күзгі уақыт (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан ) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қорық» Б.Асубаев (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Көне қалалар. (Нәтиже сабақ) Қатені табу және түзету

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]