Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
Оқу мақсаты: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, кейіпкерге хат жазады.
Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және сұрақтардың негізінде ой бөліседі, кейіпкерге хат жазады.
Кейбір оқушылар: мәтін бойынша ашық сұрақтар құраыстырады, кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Ұ) «Хаттар легі»
Әртүрлі түсте конверттер ұсынылады. Жасыл, қызыл, сары, көк. Әр бала өз қалауы бойынша таңдап алады. Конверт түсіне сәйкес топқа бөлініп отырғызылады. Конверттен құрылысшы, кірпіштер, Сәуле, Зәулім, үй сөздері шығады.
- Оқушылар назарын конверттен шыққан сөздерге аударытып, сабақтың тақырыбына, оқылатын мәтінге болжам жасату.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:
- Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Сәкен Жүнісовтің «Зәулім үй» мәтінімен таныстыру.
Сабақтың басында конверт түсіне сәйкес топқа бөлінген болатын.
Әңгімені «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» тәсілін қолданып, әңгімені оқуды ұйымдастыру.
1. Мәтіннің бірінші бөлімін оқиды. Оқып болғаннан кейін Қызыл конверт тобындағы оқушылар Жасыл конверт тобындағы оқушыларға, ал Сары конверт тобындағы оқушылар Көк конверт тобына сұрақтар қояды.
2. Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды. (ке- лесі үш азатжол) Оқып болғаннан кейін олар кері тәртіппен сұрақтар қояды. Жасыл – Қызылға, Көк- Сарыға.
3. Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқиды (соңғы үш азатжол). Оқып болғаннан кейін олар бір-біріне жұптасып сұрақтар қояды.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар әңгімені оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады, ал қабілетті оқушыларды өтілген материалдар бойынша тұжырым жасауға ынталанады.
Бағалау: топтар бір- бірін «Қол сигналдары» арқылы бағалайды.
2- тапсырма
«Сұрақ ілмегі» әдісі
Бұл тапсырманың негізгі идеясы оқушыларға әңгіме бойынша қойылған сұрақтар арқылы мазмұнын түсінуге болатынын түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, оқу мақсатына сәйкес ашық сұрақтар қою және жауап беру білік- дағдыларын қалыптастырады.
(ЖЖ)
 Мәтін бойынша жұбыңа ашық сүрақтар қой.
 Жұптасыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Оқушылар жұпта сұрақтар қойып, талқылаған соң, мұғалім оқушылардың аты жазылған парақшаның кез- келгенін алып сол балаға сұрақ қояды.
- Бұл әңгіменің басты кейіпкері кім? Оны қайдан білуге болады?
- Сәулеге үйлердің биік болып көрінуінің себебін түсіндір.
- Сәуле неге түсіп қалған кірпішті көтерді?
- Соңғы сөйлемнен не түсіндің? Автор мәтінде неге солай аяқтады деп ойлайсың?
Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беру, ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қажет ететін сұрақтар беру.
(ҚБ) Дескриптор:
• мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады;
• мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бағалау: «Шапалақтау» әдісі арқылы ұтымды сұрақ қойып, жауап берген баланы бағалау.
Сергіту сәті «Айгөлек»

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.
3- тапсырма
(ТЖ) «Коллаж әңгіме әдісі» Оқушыларға қажет емес суретті газет, журналдар,сурет қиындыларын беру. Оқушылар суреттерді пайдаланып, «Болашақта қандай үйде тұрғым келеді? Біздің зәулім үйіміз» тақырыбында коллаж жасайды.
Саралау: топтық жұмыс барысында оқушылар бір- біріне қолдау көрсетеді.
Бағалау: Топтардың өзара бағалауы.
4- тапсырма
(ҚБ) Соңғы сөйлемдегі «Сәуленің кірпіші өз орнын тапты»дегенді қалай түсіндің? Жұбыңмен ой бөліс.
• Сен Сәуленің іс-әрекетіне қалай қарайсың? Сәулеге арнап хат жаз.
Саралау: Оқушыларға тапсырма бірдей беріледі. Бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар 2-3 сөйлеммен жаза алады.
(ҚБ) Дескриптор:
• сұрақтардың негізінде ой бөліседі;
• кейіпкерге өзіндік көзқарасын білдіріп хат жазады;
• хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;
• сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады. .......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Аударған М Қуанышбеков (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан ) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу «Даладағы жауын» Әдібай Табылды (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Теңіз суы неге ащы? (филиппин ертегісі) (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек (4 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]