Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә Қайран (3 сынып, II тоқсан)
Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Таңнан самға дейін Ә Қайран
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап бере алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады,, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар құрастыра алады;
Кейбір оқушылар: шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады,шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашқы сұрақтар қояды және оған өз ойын білдіре отырып жауап береді.
Сабақтың басы
Сабақ басында:
(Ұ) Ширату жаттығуы.
«Броундық қозғалыс» ойыны
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.
Бастапқы білімді қайталау.
(Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, өз қоржындарына салу тапсырылады. Тәулік мезгілдерінің атауларына байланысты деректермен таныстырылады.
Коммуникативтік тәсілдемеге сүйене отырып, тағам түрлері мен нақыл сөздерді топтастыру кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауларын қадағалай отырып, оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылықтары дамытылады.
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.
(ҚБ). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады.
Оқу мақсаты хабарланады
Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қоя отырып, жауап беру.
Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма. Тыңдайық
(Ұ; МК) «Таңнан самға дейін» мәтінін мұғалімнің оқығаны бойынша тыңдап, «Сұрақ жауап» әдісімен оқу мақсатына сәйкес шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап беру тапсырылады. Тәулікте уақыттың маңызы туралы, мағлұмат бере отырып, оның адам өмірінде маңыздылығы туралы айтылады.
Тәулік мезгілдері туралы қосымша мағлұматтар беріледі.
Үлгі сұрақтар:
- Өлең не туралы деп ойлайсың?
- Өлеңде қандай тәуілк мезгілдері аталған?
- Тәуліктің әрбір кезеңіне қатысты қандай 3 сөз атай аласың?
- Өлеңге тағы қандай тақырып қояр едің?
Саралау. Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін
(ҚБ) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау.
2-тапсырма
(Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі.
Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды.
Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
1. пікір шығарманың тақырыбын жазады
2. дәлел Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады
3. мысал Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді
4. қоры
тынды негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
ҚБ: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.
Сергіту сәті. «Батискаф» ойыны
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топқа бөлініп бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бірнеше сөздер жасырып, екі айналым орындатуға болады.
3-тапсырма
(Ұ; Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Таңнан самға дейін» өлеңін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты белгілейді. Шығарманың мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынуға болады.
Үлгі сұрақтар:
- Өлеңде қандай уақыт мезгілдері сипаталады?
- Шолпан жұлдыз батқан шақты қалай атайды?
- Шаруаның қызар кезі қай уақыт?
- Автор «бір тынар уақыт» деп қай кезді айтқан?
- Бесін кезінде қандай уақыт болады?
- Өлеңге тағы қандай тақырып қояр едің?
Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға «түскі ас» тақырыбына қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау “Бірлік мен Мұңлық” Мәженқызы Райхан (4 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ел аузынан «Жиренше шешен» (4 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жұматай Жақыпбаев «Бейбітшілік болса» (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: