Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күзгі уақыт (3 сынып, II тоқсан)
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Күзгі уақыт
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алады;
Көптеген оқушылар:шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты таба алады, өз ойын көркем – бейнелі сөздер арқылы жеткізеді.
Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпаратты тауып, сызбаға түсіреді және өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, қорытынды жасайды.
Сабақтың басы
Топтастыру
Сынып қабырғаларына айнала суреттер ілінеді (Қосымша 1). Оқушылар осы суреттер арасынан өздеріне ұнағанын таңдап, соның тұсына тұрады. Неліктен бұл суретті таңдағанын түсіндіреді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға, сабақтың тақырыбын анықтауға, психологиялық қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тапсырманың соңында оқушыларды тұрған бойымен немесе біріктіру арқылы 4 топқа бөлу ұсынылады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж,Т) Т. Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін жеке түсініп оқиды, түсінгендерін ортаға салады. Келесі тапсырманы орындауға дайындалады.
2-тапсырма.
(Ж, Т) Барлық топқа бір тапсырма беріледі, оқушылар оқулықтағы материалға сүйене отырып кестені толтырады.
(Т) Оқулықтағы №1 тапсырмадағы мақал-мәтелдерді оқып, күздің басты белгілерін сипаттайды, кестені толтырады. Толтырып біткен соң, парақтарымен ауысып, бірін - бірі тексереді
(Б) «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асады.
Мақал-мәтелдер Күз мезгілінің басты белгілерін ата Сәйкес келетін тірек сөзді тауып жаз
Саралау: тапсырма барлық оқушыға бірдей ұсынылады, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
3- тапсырма 1-3топ: оқулықтағы №2 тапсырмадағы мәтінді оқып, кестені толтырады.
Күзгі жаңбыр Жәндіктер Құстар Ағаш Күзгі еңбек
Күз
2-4 - топ: оқулықтағы 81 беттегі суретке қарап, өз әсерлерін кестеге түсіреді.
Ауа райы Жер беті Өсімдіктер
Күз
(Б) Әр топ өз жұмысын қорғайды, «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бағалайды, толықтырады.
4- тапсырма.
(Ұ) мұғалім қосымша ақпарат көздерінен автор туралы қысқаша таныстырып кетеді. Автор туралы мәліметті беріңіз.
5-тапсырма
(Ө) Күзге қатысты көркем бейнелі сөздерді қолданып, өлең құрастырады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіреді. Тапсырма арқылы оқушы өз ойын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізуді үйренеді.(мая шөп, жомарт күз, алтын күз, қоңыр күз, балбырап піскен өнім, маужырап)
Үлгі:
Сары ала тон киіп,
Келді ауылға алтын күз..
Мол астыққа кенеліп,
Диқаншылар қуанды.
Дескрипторлар:
- Өлең тақырыпқа сәйкес келеді;
- Өлеңде сөздер мен сөз тіркестерін қолданған;
- Өлеңнің ұйқастары бар;
Бағалау: «Смайликтер» арқылы бағаланады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Сәулетті біздің Алматы Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы» «Мұзайдын» «Алматының жолдары» (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан ) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шебердің қолы ортақ «Зергер» Фариза Оңғарсынова (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қорық» Б.Асубаев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Наурыз келді!» Темірхан Медетбек (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: