Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдан
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтауда өз ойларын тұжырымдай алады.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында суреттерді қолданғанып, ортақ тақырыппен байланыстыра алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығу. (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, ондай мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.
Сабақ мақсаты хабарланады: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған өлең бөлігін анықтайды және сөйлеу барысында суреттерді қолданып, кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады.
Сабақтың ортасы
Анықтайық. (Т,Ұ). «Суреттер арқылы болжау» әдісі.
Суреттерді пайдаланып, оқылатын мысалдың тақырыбын анықта.
1. Интербелсенді тақтада мысалдың мазмұны бойынша суретер беріледі.
2. Оқушылар өз топтарында мысалдың тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
3. Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
4. Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
5. Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
6. Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.
Оқиық. (Ұ) (МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалын оқу ұсынылады.
1.Мысалды жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді.
2.Оқушылар мысалға талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
 Авторы туралы не білесіңдер?
 Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылған?
 Сендердің бойларыңда қандай қасиеттер бар?
 Екі шыбынның әңгімесінен не түсіндің?
 Оны мысалдың қай бөлігінен байқауға болады?
(ҚБ) «Бабармақс » әдісі арқылы оқушылар мысалға талдау жасап, қалай оқығандары үшін өздерін бағалау ұсынылады
Жазайық. (Т) «Кластер» әдісімен мысалдағы шыбындардың мінез-құлқына баға береді.
1. Топтарға екі шыбынды бағалауға кластер сызылған қағаздар беріледі.
2. Топта мысалдағы шыбындардың әрқайсына, олардың іс-әрекетіне байланысты мінез-құлқына баға беріп, талдайды.
3. Кластерді толтырады.
4. Әр топ өз жұмыстарын ортаға салып талдайды.
(ҚБ) «От шашу» әдісімен топтар өз жұмыстарын бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.
Берілген үзіндіні түсініп оқы.
– Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсысының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен сумкаға Майқанова апай талып жығылып қалсын деп, оның соншалық шошымал адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, мұның ақыры не болады деп ойлап та жатпадым, салғым келді - салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды тістейсің. Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап, бір ауыз сөз айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма?
• Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз немесе дәптеріңе көшіріп жаз.
• Мәтінге ат қой........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау “Бірлік мен Мұңлық” Мәженқызы Райхан (4 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Ел аузынан «Жиренше шешен» (4 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жақсыдан үйрен Ыбырай Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]