Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
Көпшілік оқушылар: өлеңді мәнерлеп оқиды, бағалауға негізделген сұрақтар қояды;
Кейбір оқушылар: жазба жұмысының орфографиялық, пуктуациялық қателерін тауып, түзетеді.
Сабақтың басы
1-5 минут Топтарға бөлу:
Түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну
Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны
Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
Сабақтың ортасы
Танысу
Фариза Оңғарсынова (1939-2014)-ақын,журналист,мемлекет және қоғам қайраткері
«Топтастыру»әдісі
Білім
1-тапсырма
(Ө) Ф.Оңғарсынова «Білім керек бәріне» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды. Өлеңді оқушыларға оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың өз ой мен пікірін пысықтау үшін немесе автордың айтайын деген ойын анықтау үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.
ҚБ «Жұлдызша»
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату
2-тапсырма
- Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қар кесегі» әдісі.
1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.
2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.
3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.
-Білім не үшін керек?
-Білімді болу үшін не істеу керек?
-Қазір білімсіз өмір сүруге бола ма?
ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау
3-тапсырма
(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
Саралау. Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Білім деген -байлық» тақырыбына өз ойларын жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әрүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Кейбір сөздердің жазылуына мұғалім қолдау көрсетеді.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.
Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны
Бір тілек - жақсартуға болатыны
5-тапсырма
(Т) Сәйкестендір.
Білім өмір
дүние жарық
Оқу инемен
кәріп
Білімдіге
құдық қазғандай
Білімсіздің күні
шырағы
Оқушыларға мақалдар таратылады. Топ болып мақалдарды құрастырып, мағынасын түсіндіреді. Мақалды өмірмен байланыстырады.
Саралау:
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу “Табиғат” Ақселеу Сейдімбек (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау Ақселеу Сейдімбек “Табиғат” (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]