Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау (3 сынып, I тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау  (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 2.6. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
• 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
• 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып бағалайды және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды.
Көптеген оқушылар: мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
Сабақ басында: Ширату: (Ж) «Өзгертулерді тап!» әдісі
1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.
2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.
3.Оқушылар шаштарын өзгертіп, сыртқы киімін, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек.
4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады.
Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып, бағалаймыз.
Сабақтың ортасы
Анықтайық. Ойлан, жұптас, бөліс. «Суреттегі құсбегі туралы не айтасың?» деген тапсырма беріледі.
1. Ойлан. Оқушылар суретке қарап жеке ойланады.
2. Жұптас. Өз жұбына құсбегі жайлы не ойлайтынын айтады.
3. Бөліс. Жұптар құсбегі жайлы өздерінің бір ойын ортаға салады.
(МТ) Портрет – кейіпкердің сырт көрінісін, кескін –кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
Мәтінмен жұмыс: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» мәтіні.
Оқиық. (Ө) «Сандықша» әдісі. Мәтіннен кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөліктерді белгілеп отырып, түсініп оқы.
1.Мәтінді оқып отырып, керекті бөліктерін стикерге жазып отырады.
2.Жазған стикерлерін сандықшаға жинайды (жабыстырады).
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
Жазайық. (Т, Ұ) «Фишбоун» әдісі. Мәтінге сүйеніп, кейіпкердің портреті мен іс-әрекеттерін анықтап, жаз.
1. Сандықша ішіндегі стикерге жазылған мәтін бөліктерін пайдаланып, кестені толтыру:
 Балықтың басына басты кейіпкердің аты жазылады.
 Оң жақ қабырға сүйектеріне кейіпкердің түр тұлғасы жазылады.
 Сол жақ қабырға сүйектеріне, іс-әрекеті яғни, оқиғалар жазылады.
 Құйрығына кейіпкерді бағалап 1 сөз жазылады.
2.Топтардың жауабы тыңдалып, талқыланады.
ҚБ.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады
Жасыл түс – барлығын жаздым, түсінікті болды.
Қызыл түс –екі бағанын жаздым, түсінбеген жерлерім бар
Сары түс – барлығын жазған жоқпын, түсінбедім.
Бағлайық. (Т). «Қабырға сұлбасы» әдісі. Ораздың іс-әрекетін анықтап, баға бер.
1. Сұлбаның ішіне Ораздың іс-әрекеті жазады.
2. Сұлбаның сыртына Ораздың іс-әрекетіне баға беріп жазады.
3. Оқушылардың жауабы тыңдалып, талқыланады.
ҚБ: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
• Дұрыс, мен келісемін десе, сұқ саусақтарын көрсетеді;
• Басқа көзқарасым бар десе, сұқ саусақтары мен ортаңғы саусақтарын қатар көрсетеді;
• Толықтырамын, қосатыным бар десе, жұдырықтарын түйеді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин (3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]