Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық 73- том (3 сынып, I токсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық 73- том  (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық, 73- том, Құмырсқаның қанағаты
Оқу мақсаты: 3.2.4.1 Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:. шығарма жанрын ажыратады, ертегі түрлерін біледі;
Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді;
Кейбір оқушылар: ертегіге жоспар құра алады, құмырсқаны сипаттап жаза алады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
0-3 Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды өз бойында бар қасиетті таңдау арқылы 5 топқа бірігеді.
1-топ: «Талап»
2-топ: «Еңбек»
3-топ: «Терең ой»
4-топ: «Қанағат»
5-топ: «Рахым»
Осы сөздер қай шығарманы еске түсіреді? Әрқайсысы туралы өз таңдауы бойынша ой білдіреді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ө) «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы бойынша
«Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?» өз білгендерін айтады. Сабақ тақырыбына болжам жасалады. «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқымас бұрын «Ертегінің қандай түрлерін білесіңдер? кестеге толтырыңдар. Үлгі:
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
2- тапсырма
(МК, Ұ, Т) «Дауыстап ойлау» әдісіне сүйеніп ертегіні оқи отырып ой түйеді, ой бөліседі. «Тарелка» стратегиясына сүйеніп ертегідегі сұрақтарға жауап алынады.
Үлгі:
-Ғұлама құмырқаға не деді?
-Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді?
-Құмырсқа неге бидайды тауыспады?
-Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болды?
-Сенің бойында осы аталған мінез сипаттары бар ма?
-Қандай жақсы мінездерің бар?
««VTS» әдісіне сүйеніп суретке қарап, оқыған ертегіге жоспар құрады. Үлгі:
1.Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.
2.Құмырсқаға сұрақтар қоюы.
3.Бір жыл өткен соң.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
 кейіпкердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;
 кейіпкерге мінездеме береді;
 ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады;
 ертегіге жоспар құрады.
3-тапсырма
(МК, Ө) «Кезбе тілші» әдісі арқылы ертегідегі аталған қасиеттердің бойыңда барымен бөліседі және кестеге жазады.
Аталған сипаттар ия жоқ Не қосар едің
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 – тапсырма
( МК, ЖЖ, Т) «Оқиға картасын» әдісі арқылы ертегінің композициялық құрылымын жұпта ақылдасып, топта бірге кестеге толтырады.Үлгі:
1. Сюжеттің басталуы:Оқы-мысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы
2. Дамуы
Құмырсқа сауыт ішінде ашығуы
3. Шиеленісуі:құмырсқаны ұстап алуы
5. Шешімі Құмырсқаның қанағат тұтып ойлағанына жету
4. Шарықтау шегі: 4-5 жылға жеткізер еді
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
5 – тапсырма
(МК, Ө) «Шахмат» әдісі арқылы ертегіге сүйеніп, құмырсқаны сипаттап жазады.Үлгі:
Мәтіннің аты Мәтіннің түрі Құмырсқаның сипаты
1.Шегіртке мен құмырсқа
2.Құмырсқаның қанағаты Мысал
ертегі Шаруашыл, еңбексүйгіш.
Қанағатшыл, үнемшіл,шыдам-ды
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Шапалақ» арқылы бағалайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Табиғат тағылымы Аударған Абай Құнанбаев Шегіртке мен құмырсқа (3 сынып, I токсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау C Сарғасқаев «Шеге мен балға» (жалғасы) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жер астында қала бар Алтын мүйізді киік (жалғасы) (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық 73- том 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық 73- том

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]