Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Мен қалада тұрамын (3 сынып, I токсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Мен қалада тұрамын (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Мен қалада тұрамын
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді.
Көпшілік оқушылар: шығарманы бөліктерге бөліп,тақырып қояды, жоспар бойынша мазмұнын айтады;
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, мәтінді логикалық бөліктерге бөледі, бөлімдерге тақырып қойып, қоспар құрастырады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
1-5 минут Ширату тапсырмасы
Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топқа сурет бөліктері беріледі. Оқушылар суретті құрастырады. Құрастырған сурет бойынша өз ойларын айтады(көліктің түрі,ауыл немесе қала көлігі екенін айтып өту)
1-топ Трамвай
2-топ Троллейбус
3-топ Автобус
4-топ Жедел жәрдем көлігі
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
Авторлармен танысу
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (1924-1991) 1924 жылы қазанның 15-ші жұлдызында Алматы облысы Нарынкөл ауданды, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Қазақстанның балалар жазушысы, балалар туралы көптеген повестердің, әңгімелердің авторы.
Ертай Ашықбаев-1956 жылы Ақтөбе облысында туған. Балаларға арналған «Ашық сабақ», «Жақсы бала» т,б өлең жинақтары бар.
1-тапсырма
(Ө, Т) Бердібек Соқпақбаев «Сен ұйықтап жатқанда» шығармасын «Бағытталған оқу» әдісі бойынша әңгімені бөліктермен оқиды. Алдымен бірінші бөлікті оқиды. Әр топ ақылдасып ойларын ортаға салып болған соң,екінші бөлікті оқиды. Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әрбір бөлікке тақырып қойып, жоспар құрады.
Ертай Ашықбаев «Таң» өлеңін де оқып,топта ойларын ортаға салады.
Саралау:Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.
ҚБ «Жұлдызша»
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату
2-тапсырма
(Ұ, ЖЖ) «Радиоға қоңырау шалу» әдісі
Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.
Рольдер: қала тұрғыны, ауыл тұрғыны, жедел жәрдем қызметкері, жүргізуші.
Үлгі:
-Қала тұрмысы несімен қызықтырады?
- Сізге ауылда тұрған несімен ұнайды?
-Ауылыңыздың көркеюіне қандай үлес қосар едіңіз?
-Жүргізуші мамандығын неге таңдадыңыз?
т.б сұрақтар қойылады
Саралау: Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.
Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,
«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау
3-тапсырма
(Ж,ЖЖ) Кестемен жұмыс
Оқушылар алдарындағы берілген кестені толтырады. Жазып болғаннан кейін жұптаса отырып тексереді.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.
Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны
Бір тілек - жақсартуға болатыны
4-тапсырма
(Т) «Сурет сал» әдісі
Әр топқа 7 минутта мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады.Әр топқа плакаттар таратылады.
Салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді.
Саралау: Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдыру.
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Су – тіршілік көзі «Ақбас торғай» Ертегі (3 сынып, IV тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Интернет туралы ойларым Ә Табылды Аман мен телефон (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Атқа міну-өнер «Мен де атқа міне аламын» Алан Маршал (3 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мен қалада тұрамын 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Мен қалада тұрамын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]