Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Киіктің айласы (3 сынып, I токсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Киіктің айласы (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Киіктің айласы
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп,мәнерлеп оқиды
Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады
Кейбір оқушылар: мәтіндерді салыстыра отырып өз ойын айтады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
1-7 минут Ширату тапсырмасы
«Шаттық шеңбері»
Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.
Топқа бөлу:
Мақал-мәтелдер арқылы топтарға бөліну.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
Автормен танысу
Әуелбек Қоңыратбаев(1905-1986) Қызылорда облысында туған-ғалым,әдебиет зерттеуші. Балаларға арналған «Жеті алып», «Сұр көжек» деген кітаптары бар
1-тапсырма
(Ж,Т) «Джигсо» әдісі
1. Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтінін бөліктерге бөліп, топтарға тарату.
2.Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.
3. Өкілдер бастапқы топтарына келіп өз жұмыстарын таныстырады, сұрақтарағ жауап береді, топтық талқылау жүреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады
ҚБ «Смайликтер»
2-тапсырма
(Ө) «Жалғасын тап» әдісі
Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.
Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
ҚБ «Қол шапалақтау»
Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау
3-тапсырма
(Ө)" Венн диаграмасы " әдісі
С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» және Ә.Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтіндерін салыстыру.
Шығарма аты Авторы Жанры Тақырыбы
Саралау: шығармаларды салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтап, қорытынды жасайды.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
4-тапсырма
(Т) «Сурет сал» әдісі
Мәтіннен үзінді бойынша сурет салады. Салған суреттері бойынша ортада пікір алмасып, түсіндіреді. Әр топқа мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады. Әр топқа плакаттар таратылады. Топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді.
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек-Жақсартуға болады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Дүниеде жамандық неден?» Ыбырай Алтынсарин (4 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру Жүсіп Қыдыров «Мен табиғат-бесігі» (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну (3 сынып, I тоқсан)
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтарды оқу (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың» (3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Киіктің айласы 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Киіктің айласы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]