Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 8-сабақ
Оқу мақсаты: А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
• Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, автор стилін анықтайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Сұрақ? Жауап» әдісі
Оқушыларға «Youtube 18.09.15 "Әдебиет әлемі" - Т. Ахтанов» бейнежазылымы көрсетіледі.

Бейнебаянды көргеннен кейін сынып оқушылары бір- біріне сұрақ қойып, пікір алмасады.
Талқылау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды, автор стилін анықтай алады. • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын ажыратады;
• автор стилін анықтайды.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «Қақпа» әдісі
Орындалу барысы:
-тақтада қақпаның суреті тұрады;
-сынып топқа бөлінеді;
- шығармадан үзінді оқылады;
1 оқушы үзіндідегі көркемдегіш құралды табады;
Топ сол сөзді кестеге жазады;
1оқушы сөздікпен жұмыс істейді;
1оқушы гол салады.
Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отыруға болады.
Шығармадан үзінді көркемдегіш құрал
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«Пирамидалық талқылау» арқылы тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі шығарма үзіндісіндегі көркемдеуіш құралдарды тауып жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.
...Естемес аз уақыт үн шығармай іштей ыңылдап, толқып келе жатты. Кенет атының шылбырын Оразымбетке тастай беріп, қолын кейін созып, қызыл қоржындағы домбырасын суырып алды.
Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті. Бірақ мұның бәрі жаттанды сарын еді. Аздан кейін күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз ішекті шерте берді. Белгісіз тың әуен дүниесінің табал¬дырығынан аттап өте алмай, қиналған түрі бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап қалған; жаңа бір күй сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар өңінде. Ат жалына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бишараны жұмсақ алақанымен маңдайдан сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рахат самалымен желпіп сергіткендей болады.
Оразымбет тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісіден дәл осындай жүрек қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының бетіне қарап, оны жаңа көргендей болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей, жібектей майысып, жыпылдап барады. Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп, енді көтеріле бергенде, өрге шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет талпынып барып, булығып қалды. Естемес ыза болғандай домбыраны қатты бір қақты да, бұрылып артындағы қоржынға салып қойды.
4. Бекіту
3-тапсырма
«Категория» тәсілі
Оқушылар «Категория» тәсілі арқылы топқа бөлінеді. Тақтаға үш категория жазылады: «Тарих», «Әдебиет», «Сараптама». Оқушылар өз еріктерімен категорияларды таңдап алады. Алдын ала категория мамандарына орын дайындалады. Тақтаға жазушының суреті салынған үлкен портрет ілінеді немесе мүмкіндік болса интерактивті тақтадан көрсетуге болады. Пресс-конференцияны жүргізуші спикер мен тілшіні мұғалім тағайындайды. Оқушылар өздері таңдаған категориялары бойынша орналасады. Спикер конференцияның өту тәртібімен мамандарды таныстырып, жұмысын бастайды. Пресс-конференция «Тахауи-әдебиеттегі жаңа құбылыс» деген тақырыпта өтеді. Мамандар өз категорияларына сәйкес автор стилін, суреткерлік ерекшелігін анықтап, көзқарастары мен ойларын білдіреді. Сарапшылар олардың жұмыстарына сараптама жасап қорытындылайды.Спикер конференция жұмысын аяқтағаннан кейін тілші баспаға конференция жайлы ақпараттық мақала ұсынады.
Қабілеті орта оқушыға пресс-конференцияны жүргізу, қабілеті жоғары оқушыға мақала жазу тапсырылады.
5.Салыстыру
4- тапсырма
«Дәйексөз » әдіс-тәсілі
А. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Оқиға қалай өрбіп жатыр?
B. Интерпретация:Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз.
C.Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Эпизод, деталь, суреттеу, диалог.
1. Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
2. Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
3. Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
6.Бағалау
5-тапсырма
«Көзқарас- талдау- стандарттау» әдісі
Оқушылар «Күй аңызы» әңгімесі бойынша «Түртіп алу» тәсілі арқылы ең маңызды ойлардан конспект жасап дәптерлеріне жазады. Хабарлама жасау үшін «Зерттеу сұрақтары» әдісі бойынша маңызды ойларға сұрақтар тізімін дайындайды. Сұрақтар тізімі жұпта талқыланады, жұптағы бір оқушы «сұрақ құрастыру шебері» болады. Хабарлама сұрақтары «зерттеу сұрақтары + бұл да зерттеу сұрақтары + нағыз зерттеу сұрақтары!» құрылымымен бағаланады. Оқушылар бірінші шығарманы зерттеуге негіз болатын тірек сөздерді жазады, тірек сөздерді қолдана отырып жазушы шығармасына пікір береді. Екінші жазған конспектілерімен топта танысып, талқылау жасайды да, «Тахауи- қазақ әдебиетінің қаламгері» тақырыбына сыни пікір жазады.
Үшінші жазған сыни пікірлерін сынып бөлмелерінің қабырғаларының А, В, С, Д бөліктеріндегі постерлерге апарып іледі. Оқушылар қабырғадағы жұмыстарға «Көзқарас – талдау –стандарттау» арқылы екі түрлі бағалау жүргізеді: өзін-өзі және жұптық бағалау.
Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 8-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 8-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]