Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 6-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 6-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Сабақ мақсаты: 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
1-тапсырма «FILA толтыру» әдісі
Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;
L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .
Деректер Ойлар Сұрақтар Іс-әрекет
2-тапсырма Оқушылар үзіндіні оқи отырып, кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.
Кейіпкер Тура мінездеу Жанама мінездеу
3-тапсырма «Талқылау сұрақтары» әдісі
• Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
• Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
• «Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер» - Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
• «Өлімнен ұят күшті» - Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?
4-тапсырма «Жуан және жіңішке мәселелер» әдісі
ОЙ ҚОРЫТУ
Түсіндіріңіз, неге............?
Сіз неге ........... ойлайсыз?
Айырмашылығы неде..............? .........................?
Болжаңыз, егер, солай болса ...........?
Неменеге ұқсайды .....................?
Қашан ? Не ?
Қашан? ........мүмкін?
.................. бола ма?
................. болуы мүмкін бе?
.................. болған ба?
Сіз....... келісесіз бе?.......дұрыс па?
Кері байланыс: «Мендік пікір» арқылы сабақтан алған әсерін жеткізу
Мені сүйсіндіргені…
Мені қуантқаны…
Менің тілегім…
Мені қызықтырғаны…
Біздің түйгеніміз:.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 5-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы және «Туған жер» ұғымы (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 6-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 6-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]