Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
Сабақ мақсаттары: шығармадағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты анықтайды.
Сабақ барысы:
Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.
1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.
«Семей полигонының тарихы» туралы инфографика көрсетіліп, сабақ мазмұнына қатысты кіріспе ой қозғау үшін оқушылар кестені зерттеп, негізгі ақпараттарды жіктейді.
2. Оқушылар Семей полигонын жабу туралы естіген әңгімелерін ойларына түсіріп, ортаға салады.
«Невада – Семей» қозғалысы, ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменов, Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланғаны т.т.
3. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылардың өздері құрастырады.
4. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Мұғалім жазушы Роза Мұқанова туралы ақпаратпен таныстырады. Әңгіме жанры, оның ерекшелігі туралы баяндайды.
5. Т. «ДЖИГСО» стратегиясы
1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
1.Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз.
2.Сезімсіз, жүрексіз, қатыгез Қатира.
3.Қарауылдағы той.
4.Қаралы Қарауыл.
5.Көрші ауданның басшы азаматтарының өтініші.
6.Екі тіршілік иесінің мәңгілік қоштасуы.
2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
Қабілеті жоғары оқушылар сараптау топтарында үзіндіге талқылау жасауды ұйымдастырып, сұрақтарға жауап іздесе, қабілеті төмендеу оқушылар өзі оқыған үзіндінің мазмұнын айтумен шектеледі.
Дескриптор
• әңгіме мазмұнымен танысады;
• сараптау топтарында талқылайды;
• сұрақтарға жауап береді;
• тапсырмасын топта түсіндіреді.
Топтық бағалау......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 6-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 5-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]