Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Мен кіммін?» әдісі
Танымдық ойынға өз еркімен алдымен бір оқушы шығады. Ойынға шыққан оқушы маңдайына жабыстырылған стикерден басқалардың суреттеуі бойынша «Дабыл» әңгімесінен берілген жұмбақ кейіпкердің кім екенін табады. Ойынға қатысушылар жұмбақ кейіпкерді портреті, іс-әрекеті, мінез-құлқы т.б. арқылы әр қырынан суреттеп, ойыншының тез таба қоюына мүмкіндік бермеуге тырысады. Кем дегенде 3-4 оқушы ойнайды.
Мысалы: Қазыкен, Таңатар, Жасаған, Төлен, т.б. кейіпкерлердің сипаттамаларын ұсынуға болады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Мағынаны тану
1-тапсырма. «Журналистік сұрақтар» әдісі
«Адамзаттың ғарышқа ұмтылуы - қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырады. Топ ішінде мына алты сұрақ қойылады : Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір сұрақ жаңа сұрақтарды дамытуға немесе құрастыруға қолданылуы мүмкін. Білім алушылар сұрақтарын құрастырып болғаннан кейін, басқа топтардың жауаптарын жазып алады. Соңында өз тобына келіп сыныптастарымен бөліседі және ойларын жинақтайды.
2-тапсырма. «Ақпараттағы ақаулық» әдісі
Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. 1-оқушы «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің үзіндісі, 2-оқушыға «Дабыл» әңгімесінің үзіндісі беріледі. Жұптағы оқушы бір - біріне өз әңгімесіне қатысты түсініктеме береді. Осыдан кейін оқушылар шығарма кестесін толтырып, екі шығарманы салыстырады.
Шығарма
аты Тақырып ұқсастығы Сюжет ұқсастығы Көркемдік құндылық Автор позициясы
3-тапсырма. «Мәтіндік зерттеу» әдісі
1-қадам. Оқушылар дәптерлеріне үзінділердің өздеріне ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алады. Жазған бөліктері бойынша жұппен пікір алмасып, ой бөліседі.
2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін төмендегі кестені толтырып жазады:
Әңгіме Айдағы жасырынбақ Дабыл
Мәтіннен негізгі ойды табыңыз
Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес, ақпараттарды белгілеңіз
Мәтіннен өмірлік қағида шығарыңыз
Тәрбиелік мәні бар қорытынды жасаңыз
Өздік бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Ж.Сахиев шығармаларындағы құндылықтарды салыстырып, жаңашылдығына баға береді «Адамзаттың ғарышқа ұмтылуы - қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырады
жұпта екі әңгіме бойынша түсінік береді
екі шығарманы салыстырып кестені толтырады
тақырып ұқсастығын салыстырады
сюжет ұқсастығын салыстырады
көркемдік құндылықты салыстыады
екі шығармадығы автор позициясын салыстырады
мәтіндік зерттеу жүргізіп, тәрбиелік мәні бар қорытынды жасайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 5-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]