Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату.«Ақындар мен жазушылар»
1-тапсырма «Ойланайық»
Шығарма үзінділері таратылады. Оқушылар үзінділердігі асты сызылған сөздерді көркемдік қолданысын анықтайды.
Күннің сәулесі де шашырамай бажырая қалған. Аяқ астымыз қуыс шардың үстінде тұрғандай қатты діріл қағады. Қарайған көлеңкесі әлі де болса бір жағына жантайып, қара тушы төгілген сауыттай болып жатыр. Сөйтіп қап-қараңғы дүниеге тап болдым.
2-тапсырма Оқушылар шығарма үзінділері бойынша топта әңгіменің тақырыбын, стилін, әдеби көркемдегіш құралдарын талдайды.
Шығарма І үзінді ІІ үзінді
Идеясы
Тақырыбы
Әдеби көркемдегіш құралдар
Автор стилі
3-тапсырма «Бинго 101» әдісі
Мұғалім оқушыларға бинго карточкаларын береді немесе оқушылар өздері әзірлейді. Топ спикері шығармадағы сөздерді немесе сөйлемдерді тақтаға жазады (сөз саны бинго карточкасындағы торлардың санына сәйкес болуы шарт), ал оқушылар сол сөздерді бинго карточкасының торларындағы көркемдегіш құралдарға (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) ретпен орналастырады. Спикер тақтаның алдында тұрып жазылған сөздердің сұрақтарын немесе анықтамаларын оқиды. Оқушылар оқылған сұрақ/анықтаманың дұрыс жауабын сызып отырады. Кімде көлденеңінен немесе тігінен сәйкес тізбек шықса, сол оқушы «бинго» деп айқайлайды. Мұғалім сол оқушыға ынталандыру сыйлығын береді.
4-тапсырма «Құрастыр» әдісі
Оқушылар тірек сөздерді қатыстырып өз ойларынан шағын фантастикалық әңгіме құрастырып жазады: шұңқыр ернеуі, тіршілік иелері, қиыр ғарыш, аспан тастары.
«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 6-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]