Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 1-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Сурет сыры
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, әңгімелеңіз немесе өзіңізге таныс планета, жұлдыз атауларын қолданып, шағын мәтін құрастырыңыз.
Бұл қандай сурет?
Суреттегі ғаламшарлар қайда орналасқан?
Осы ғаламшарлар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?
Суреттегі жұлдыздар туралы не айта аласыз? Олар сізге таныс па? Бұлардың сыры неде?
Суретке қандай атау берер едіңіз?
Сонымен бүгін қандай жанрдағы шығармамен танысамыз деп ойлайсыз? Не себепті олай ойлайсыз?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын бірлесе талқылап таныстырады.
1-тапсырма. «Шолу» әдісі
Оқушыларға Ж.Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» фантастикалық әңгімесінен үзінділер таратылады. Оқушылар жұппен үзіндіні оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды.
А тобы жанрын, мазмұнына қысқаша шолу жасайды.
В тобы сұрақтар қояды:
1.Әңгіменің тақырыбы қандай?
2. Қандай ой айтылған ?
С тобы қорытынды ой айтып, сараптама жасайды.
2-тапсырма. «Уақыт шеңбері» әдісі
Сынып оқушылары топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Негізгі үш ережені талқылау керек:
1. Тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
2. Егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.
3. Ешқандай ескерту болмау керек.
Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек.
Жетелеуші сұрақтар:
1. «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінде пролог бар ма?
2. Әңгіменің қай бөлігін пролог деп айтар едіңіз?
3. Қай оқиға сюжеттің басталуы болады? Неге?
4. Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
5. Мергеннің әкесінің әңгімесін сюжеттің қай бөлігіне жатқызуға болады?
6. Шығармада планеталар шеруінде көрініс тапқан оқиға сюжеттері толық қамтылған ба
3-тапсырма. РАФТ стратегиясы
Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп фантастикалық әңгіме құрастырады.
Рөл – жазушы рөліне ену
Аудитория – сыныптастар
Форма – фантастикалық әңгіме
Тақырып – «Айдағы жасырынбақ»
Әрбір оқушы барлық сыныппен талқылау үшін стилистикалық бір тәсілді таңдайды. Мысалы, «авторлық еркіндік»тәсілі, осы тәсіл арқылы жазушының қолдану әсерін толығымен және нақты түсіндіреді.
Тәсіл сипаттаушы болуы тиіс.
Өздік бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді сурет бойынша сұрақтарға жауап береді
жұлдыз атауларын қолданып мәтін құрастырады
шығарма мазмұнына шолу жасайды
оқиғалар мен кейіпкерлерге, ғаламшар атауларына түсінік береді
әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады
автор көтерген мәселені қорытындылайды
жетелеуші сұрақтар жауап беріп, пікірлесуге қатысады
рөлге еніп фантастикалық әңгіме жазады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 9-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 1-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]