Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Көзқарас кейіпкер мен қаламгер (8 сынып, III тоқсан )
Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Көзқарас, кейіпкер мен қаламгер
Оқу мақсаты: А/И2. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Өрмекші торы» әдісі
Сынып оқушылары шеңбер жасап тұрады. Интерактивті тақтадан «Youtube 14.08.13 Міржақып Дулатов - менің әкем» бейнежазбасы көрсетіліп тұрады. (https://www.youtube.com/watch?v=KbF3ZnOmPBw)
Бір оқушының қолына оралған жіп бумасы беріледі. Ол оқушы жіптің ұшын шеңбердегі өзі таңдаған оқушыға тақырыпқа байланысты сұрақ қойып лақтырады. Екінші оқушы сұраққа жауап беріп, үшінші оқушыға сұрақ қояды. Осылайша шеңбердегі барлық оқушы жіпті шырмай лақтырып, бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап шығады. Сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін оқушылар орындарына отырып, өз көзқарастарын бір минут жұбымен талқылайды. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Автор бейнесін анықтау арқылы тілдік қолданысын талдайды.
• Автор бейнесін анықтайды;
• Автордың тілдік қолданысын талдайды.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «FILA толтыру»
Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – Оқиғаға қатысты деректер мен фактілерді анықтау
I /Пікір/– автордың айтайын деген ойы
L /Сұрақ/– Көтерілген мәселелерді анықтау
A /Іс-әрекет/– көтерілген мәселелерді шешу жолындағы іс –әрекеттер көрінісін жазу .
F/ Дерек/ I /Пікір/ L /Сұрақ/ A /Іс-әрекет/
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«4 – 3 – 2 – 1» әдісі
Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ шығармадан үзінді таңдап алып, сол үзінділерге тақырып қояды.Оқушылар топтың таңдаған нақты тақырыптарын дәптерлеріне жазып алады. Әр топ таңдаған шығарма үзіндісін өңдеп газет бетіне жариялайтын әңгіме ұсынуы керек. «Қосымша» әдісі арқылы нақты тақырыптың біреуін алып, жұппен жоспар құрады. Құрған жоспарлары бойынша шағын әңгіме құрастырып, топта тыңдайды. Топ мүшелері бір жұмысты сынып алдына шығарады. Әр топтан бір оқушы өз әңгімесін оқиды. Сынып оқушылары ең үздік әңгімені «4 – 3 – 2 – 1» әдісіне сүйеніп газет бетіне жариялауға таңдап алады.Таңдалған жұмыс сынып бөлмесінің қабырғасына ілінеді.
3-тапсырма.
«Кадроплан» тәсілі
Оқушылар алдыңғы бөлінген топтарымен отырады. Әр топқа тапсырма нұсқасы таратылады. «Кадроплан» әдіс-тәсілі бойынша үш оқушыға үлестірме қағаздағы «1, 2, 3» сандары беріледі. Төртінші оқушыға сан берілмейді. Ол оқушы топтың спикері болады. Спикер тапсырманың орындалу барысын қадағалап, топ мүшелерінің айтқан ойларын жазып алып отырады.
«1» нөмірлі оқушы шығарма үзінділерінен оқырманға ой туғызатын детальдарды теріп жазады.
«2» нөмірлі оқушы шығарма үзінділеріндегі автордың тілдік қолданысына сүйене отырып, өз ойын әсерлі сипаттап жеткізеді.
«3» нөмірлі оқушы шығарма үзінділерінің өзіне ұнаған тұстарын өңдеп жазады.
Топ спикерлері «Сіздердің пікірлеріңіз бойынша» тәсілі негізінде топ мүшелерінің тапсырмаларын сараптап, тақырып бойынша қорытынды ойларын айтады.
1-үзінді
Жамал – сағынып көрген баланың алды болған соң, ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті.
Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойламаушы еді. Қыз деп айтқан адамдарға ашуланып та қалған күндері болды.
Бір күні Сәрсенбайдын үйіне ескі жолмен оқыған, дүниеде білмеген нәрселерім жоқ деп дұға қылушы бір шала надан молда келіп қонды. Молда тысқа шықпақшы болғанда, Сәрсенбай: - Жамалжан, тұр, молданың кебісін сал, құман алып шық, - деп жұмсағаннан кейін молда тыстан келіп отырып:
- Бай, осы сіздің мырзаңыздың есімі қалай? Қыздың атын қойғансыз ба?- деді (Жамалды ербала деп отыр екен). Сәрсенбай азырақ тоқтап тұрды да, күлімсіреп: «Тақсыр, мұның мәнісі бар, біз бастан кем кісі. Айымыз да, күніміз де осы Жамал болған соң, өзімізді-өзіміз алдап жүрміз» - деді. Молда бұл сөзге түсініп, біраз ойланып отырды да:
- Сәрсеке! Көңілге солай екені дұрыс та ғой, ләкиінде шариғатта балаға тұлым қою дұрыс емес. Және де бай қызы тоғыз жаста балиға болады. Соның үшін намаз үйретіп, оқытып, шашын да қойыңыз. Сіздің мұныңыз алла тағаланың бұйрығына көнбеген секілді болады. Олай болғанда, зор күнә табасыз. Бірақ оқытқанда хат жазып кетерліктей де оқытпаңыз, хұсуса жәдид молдалардан оқытпаңыз, не үшін десеңіз, олар әуелі дін, иман білгізіп, намаз оқытпай, «Иман шарт», «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, орыстарша а. б. т, деп орыстың ісін қуаттап, балаңды бұзады, - деді.
2-үзінді
Уәделері бойынша мүғалімі һәмән Сәрсенбайдың үйінде тұратын болып, Сәрсенбаймен бірге еріп келіп, бір үлкен боз үйге кірді.
Сол минутта-ақ ауылдың адамдары жиналып, Қалампыр бәйбіше сабадан қымыз құя бастап, Сәрсенбайда Жамалға:
- Тұр, қарағым, молдекеңе мал әкел! - деп әмір етті.
Жамал атасын абір қарап тысқа шығып еді, соңынан кешікпей Сәрсенбай да шығып, Жамалға ақырын сыбырлап айтты: «Анау күнгі жанбасы құрттап жүрген көк қозыны әкел, үйге кіргізерде кескегін алып таста! Ұқтың ба?» -деді. Жамал да: «Ұқтым, ұқтым», -деп жүгіріп кетіп, жарты сағат болмай айтылмыш қозы бата қылынып сойылды. Жиылып отырған кісілер мұғаліммен кеңесе бастап, үйдің жабығынан қыз-қатындар сығаласып тұр еді. Бір қатын:
- Өзі қалай, орыс секілді ғой, - деп екінші катын:
- Осы ноғайлардың шүлдірлеген тілі құрысын-ай, - деп, үшіншілері бір бой жеткен қызға қарап:
- Ұрғашыға сүйкімді жігіт екен, - деп қалжыңдасып тұрды. Үйдегілер де уақытты босқа өткізбей, алды бес аяқ, арты екі аяқ қымыз ішіп:
Молда, қайда оқыдың, дәрісің не, қай қаланікісің, затыңыз ноғай ма, башқұрт па, неше жасқа келдің, атаң бар ма, бұрын қазақ ішіне шығып па едіңіз, жамағат бар ма? - деп, үсті-үстіне керекті-керексіз сөздерді сұрап, мұғалімнің басын қатыра бастады. Әл-хасыл осы секілді мәжіліспен отырып, сойылған малдың етін жеп халық тарады. Екінші күні мұғалімге бір қос тігіп беріп, он шақты шәкірт жиналып оқу басталды. Бұл шәкірттердің бір-екеуі болмаса, басқалары бұрын ешбір қаріп оқымаған еді.
3-үзінді
Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір төбешікте құпия сөйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі мағлұм Сәрсенбай, екеуі - сол елдегі атқа мініп жүрген, ел арасы тыныш болғаннан даулы, сөзді болғанын артық көретін пысықшалау адамдар еді.
Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның өзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сөзіміз - алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл жаман екі айналып келмес, бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сөзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Көп болса, үш жүзтеңге шығар. Сіз мақұл көрсеңіз, біз өзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сөзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Өзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,- деп, неше түрлі тәтті сөздермен құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады.
Сәрсенбай қанша момын адам болса да сөзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Өздерің біліңдер», - деп жауап қайтарды. Бұл мәжілістер бір мәрте болмай, бірнеше күндер ақылға салынып, ақырында Сәрсенбай билікке таласпақшы болды.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болып сайланады, мұғалім спикерді өз тобындағы қабілеті орташа оқушыларға көмектесуге бағыттайды.
4. Бекіту
4-тапсырма «Бір минут» тәсілі
Оқушылар екі-екіден отырады. Оқушыларға «Бір минут» тәсілі бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар бір минут ішінде өз ойларын жинақтап, сұрақтарға жауап беруге дайындалуы керек. Сынып оқушылары «Доп лақтыру» әдісі арқылы:
• Сізге автордың тілдік қолданысы ұнады ма?
• Сіздің ойыңызша, шығармадағы ең маңызды мәселе не?
• Шығармада сізді таңғалдырған қай кейіпкердің әрекеті болды ?
• Шығарманы оқығанда сіздің көз алдыңызға қандай сурет елестеді?
• Автор ойымен келіспейтін тұстарыңыз бар ма? – сұрақтарына жауап береді. Оқушылар допты кезекпен бір-біріне лақтыра отырып, барлығы сұраққа жауап беруге ұмтылады. Мұғалім оқушы жауаптарына қорытынды пікір қосады.
5.Салыстыру
5- тапсырма
Зерттеу сұрақтары
1-қадам: Оқушылар жұпта кітапхана мен ғаламторды қолдана отырып, автор және ол өмір сүрген кезеңді зерттеулері тиіс. Жұппен автор бейнесіне байланысты зерттеу сұрақтарын дайындайды.Сұрақтар проблемалық, мазмұны терең мағыналы болуы қажет.
1. Ақынның шығармасына негізгі арқау болған тақырып не?
2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
2-қадам: Кейіпкерлердің өзара қатынасын топ ішінде салыстыра талдап, «Кейіпкер кестесін» толтырады.
Кейіпкер Іс- әрекеті мен мінезі Автордың осы кейіпкерге көзқарасын шығармадағы тілдік қолданысы арқылы дәлелдеу
Жамал
Шолпан
Ғали
6.Бағалау
Топ спикерлері «Галарея» әдісі бойынша сынып бөлмесінің қабырғасындағы жұмыстарға және зерттеу сұрақтары мен «Кейіпкер кестесіне» сараптама жасап, қорытындысын шығарады. Оқушылар жұмысты сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды.
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз: