Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.2. 1 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
"Кел, сақинам, кел" ойынын ойнату арқылы өткен сабаққа шолу жасау.
Топқа бөлу. Көңіл күй смайликтеріне байланысты топқа бөлу.
Үй жұмысын сұрау.
1-тапсырма.
1-тапсырма. Әр топта 2 оқушы концептуалдық кесте толтырады, 2 оқушы кейіпкер бейнесін ашатын сөйлемдерді оқулықтан тауып жазады, 1 оқушы бүгінгі өмірмен байланыстырып, «Кейіпкерлермен сырласу» хатын жазып,өз көзқарасын білдіреді.
а) 2 оқушы концептуалдық кесте толтырып,кейіпкерлерге мінездеме беріп салыстырады.
Кейіпкер Автор берген портреттік мінездеме Кейіпкердің іс-әрекеті Кейіпкерге өзіндік баға
Жамал
Ғали
Сәрсенбай
Жұман
ә) 2 оқушы кейіпкерлер бейнесін ашатыннақты мысалдарды оқулықтан іздеп тауып жазады.
Шығармадағы
кейіпкер Мінездеме мысал
Жамал
Ғали
Сәрсенбай
Жұман
б) 1 оқушы «Кейіпкермен сырласу» хатын жазып, кейіпкерге өзінің сырын ашады.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарма бойынша кейіпкерлерге өзіндік көзқарасын білдіре алады Ойын нақты әрі қысқа жеткізеді
Дәлел, мысал келтіреді
Өз қорытындысын шығара алады
Қалыптастырушы бағалау
2-тапсырма. Келесі ұстанымдар төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар. Жасырынған тақырыптарды әр топ басшысы өз таңдап алады.
1-топ. Ғали мен Жамал қараңғылықтың құрбаны!
2-топ. Жұмандардың әрекетін жақтаймын!
3-топ. Әкесін сыйламаған Жамал.
4-топ. Шолпанның ісі дұрыс.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады. Автор мен кейіпкерлер арасындағы байланысты түсіндіреді;
Өз ойын жүйелі жеткізеді
Кем дегенде 2 дәлел келтіреді
Қалыптастырушы бағалау.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]