Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Сабақ мақсаты: Шығарма мазмұнындағы құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.
Сабақ барысы:
1. Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру.
«Ми шабуылы»
Драманың атауына қандай ұлттық сипат негіз болғанын есімізге түсірейік. Әпке деген кім еді?
Қалай ойлайсыздар, Қамажайдың арманы орындалды ма?
Мұндай жағдайлар тек қана қазақ отбасында кездесе ме?
Бүгінгі әпкелер Қамажай секілді бауырлары үшін құрбандыққа бара ала ма?
Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылап, тұжырым жасайды, ойларын сыныппен бөліседі.
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Т. «Талқылау сатылары» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы, сосын бұрылып арқаларын беріп отырады. Топқа берілетін сұрақ:
«Әпке» драмасындағы кейіпкердің жалғыз қалмауына мүмкіндігі бар ма еді?
Оқушылардың ойлануына уақыт бөлінеді, олар айтылған тұжырыммен келісетін/келіспейтінін және оның себебін көрсетуі керек. Содан кейін оқушылар бұрылып бір-біріне қарап отырады. Осыдан кейін әр бағыттың жауабын жоққа шығару мақсатында талқылау/дебат ұйымдастыруға болады. Бірінші талқылаудан кейін оқушыларға 5 секунд беріп, пікірін, көзқарасын өзгерткен оқушы болса, өз шешімін түсіндіруі сұралады.
Қабілеті жоғары оқушылар сұраққа жан-жақты, шығарма мәтінін өмірмен байланыстыра отырып жауап бере алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкер сөзіне ғана сүйенуі мүмкін.
Дескриптор
- драмадағы көтерілген мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап береді;
- келісу-келіспеу позициясын айқындайды;
- оның себебін түсіндіреді;
- пікірін өзгерту мүмкіндігі.
4. Топ мүшелерінің жауабы критерийге сай бағаланады, мұғалім сындарлы кері байланыс береді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3 (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 5-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 5-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]