Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3 (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Сабақ мақсаты: шығарманың бүгінгі күнмен байланысын аша отырып ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалау.
Сабақ барысы:
1.Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
2. Оқушылар сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздейді, топ ішінде аз-кем талқылау жасайды. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырады. Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.
3. Жаңа сабақты меңгерту.
Т. 1-тапсырма.
1-қадам. Оқушылар «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша рөлдерін бөліп алады.
Талқы себепшісі (романдағы құндылықтардың көрінісіне қатысты 3-4 сұрақ құрастырады)
Белгілеуші (мәтіндегі ең маңызды деген ақпараттарды жинап белгілейді)
Байланыстырушы (сұрақ пен шынайы өмір арасындағы 2 байланысты табады)
Бағалаушы (шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалайды)
Қорытындылаушы (барлық жауапты байланыстырып қорытынды жасайды).
2-қадам. Рөлдеріне сәйкес қайтадан топтасады: Талқы себепшілері бір топқа, Белгілеушілер бір топқа т.т. Жауаптарын ортаға салып талдау жасайды. Өз топтарына толық, жан-жақты жауап үлгісін қалай жеткізуге болатынын ойласады.
3-қадам. Қайтадан алғашқы топтарына барып рөлдеріне сай тапсырма жауабын ұсынады.
4-қадам. Топ жұмысына өзара баға береді.
4. Мұғалім сындарлы кері байланыс береді.
Дескриптор
- шығарманың маңызын түсінеді;
-рөліне сай берілген тапсырма шартын түсініп орындайды;
-талқылау топтарында жауабымен бөліседі;
-өз тобына толықтырылған тапсырма нұсқасын ұсынады;
- өзара бағалайды.
Қабілеті жоғары оқушылар шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыра отырып жаңашылдығын бағалайды, ал қабілеті төмендеу оқушылар құндылықтар көрінісін баяндайды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №8 (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №6 (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №7 (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №1 (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]