Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Сабақтың мақсаттары:
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар назарын сабаққа аудару
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
• Оқушыларды топтарға бөлу
ІІ.Қызығушылықты ояту
Повесті «Сұрақ жауап» әдісі бойынша талдау.
Шығарма не себептен жазылды деп ойлайсыз?
Бұл шығарманың құндылығы неде?
Кейіпкерлердің іс-әрекеті бізге үлгі бола алады ма?
«Ақылдың алты қалпағы»
1-топ-Ақ қалпақ-фактілер- романда көрсетілген тарихи оқиғалар, қай жерде, қай кезеңде болғандығын айту. Шығармада қандай тарихи тұлға қатысқандығын үзінділер келтіріп дәлелдеу.
Ментальды карта жасау.
2-топ-қызыл қалпақ-сезім мен түйсік-Кейіпкерлердің ішкі тебіреніс, мінез-құлықтарына психологиялық талдау жасайды. Міндетті түрде шығармадан үзінді көрсету керек.
3-топ-сары қалпақ-позитив-Автордың шығарманы жазудағы идеясын түсініп, идеясына оптимистік тұрғыдан қарайды. Ұлттық құндылықтырды, рухани байлықты насихаттағаның дәлелмен көрсетеді. Олардың қоғамға берер пайдасы туралы түсіндіреді.
4-топ-қара қалпақ негатив- Сол уақыттағы заман көрінісіне қазіргі уақытпен салыстырмалы түрде талдау жасайды. Шығармада жазылған ашаршылық, ұлт азаттық көтеріліс оқиғаларын дамытып, орын алған жағдайлардың зардаптарын көрсетуі керек.
5-топ-жасыл қалпақ -жаңа идея-Шығармада сөз болатын аңыз-әңгімелер, ертегілер, тазалық, турашылдық, еңбексүйгіштіктің мәнін түсініп, жаңа креативті ойларын білдіреді.
6-топ-көк қалпақ-бақылаушы тетік- Ойларды тұжырымдап, ретке келтіреді. Сараптама жасайды. Тақырып қалай ашылды? Қалпақтар толықтай позицияларын аша алды ма? Негізгі идеяны анықтайды.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы. Шығарманың басты идеясын түсінеді.
Шығарманы талдай алады.
Жаңа ойлар айта алады.
Деректер бойынша сөйлей алады.
Сараптама жасай алады.
Пікірталас. Оқушыларға «Қазіргі қоғамдағы салт-дәстүрлерге көңіліңіз толады ма?»деген сұрақ тасталады.
Бағалау критерийлері:
 Рухани құндылықтарды анықтай алады.
 Салт-дәстүрлердің маңыздылығын айта алады.
 Сыни тұрғыда салыстырып, баға береді.
Мұғалім бағалауы....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №3 (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 8-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 6-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]