Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) 8.Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Сұрағы қандай?
Суретке қарап, сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтар негізінде «Аққу көлі» тақырыбында шағын әңгіме құрастырады.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап айтады, бағалау критерийлерін бірлесіп құрастырады.
Қағаз қиындыларына жазылған көл, аққу, ана, бала сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді.
1-тапсырма. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі
Қосымша ресурста ұсынылған бейнематериал көрсетіледі.
Ақпарат кім туралы?
Ол қазақ және әлем әдебиетіне қандай еңбек сіңірген?
Оның шығармаларының ерекшелігі неде?
Автордың шығармаларына аңыздар желісін арқау етуінің себебі неде?
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан?
Поэмаың композициялық құрылымы қандай?
Лирикалық шегініс арқылы автор ненің тарихына шолу жасайды?
Шығармаға арқау болған қандай ұлттық философия?
Аңыз сюжеті қандай тәсілдер арқылы нанымды берілген?
2-тапсырма. «ДЖИГСО» әдісі
Оқушыларға М.Мақатаевтың «Аққулар Ұйықтағанда» поэмасының мәтіні таратылып беріледі.
1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
Тау басына біткен сұлу көл –
1. Қалай біткен мына көл тау басына?
2. Жетім көл жетімсірейді.
3. Аққулар айдынына оралмады.
Ауру бала немесе шарасыз отбасы
1. Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.
2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.
3. Ананың шешімі.
4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.
5. Жетім көлден сән кетті
Бақташы қарт. Шарасыз ана –
1. Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.
2. Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.
3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.
4. Қасиет.Қасірет.
Аққулар - Аңыз көп қой олар жайлы.
2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
3-тапсырма.
 Берілген теориялық ұғыммен танысыңыз;
 Теориялық ұғымның талқылаған сюжеттік желілермен байланысатын тұстарын табыңыз;
 Жетім көлдің атынан шығармаға 1-жақта монолог түрінде экспозиция жазыңыз.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Әдеби шығарманың жанрын, сюжеттік желісін,
эпилог, прологтарды анықтайды Сурет бойынша сұрақтар құрастырады
Шағын әңгіме құрастырады
Әңгіме арқылы сабақ тақырыбына болжау жасайды
Сұрақтарға жауап береді
Шығарма мазмұнына шолу жасайды
Шығарма сюжетіне мен құрылымындағы ерекшеліктерге түсінік береді
Жетім көлдің атынан шығармаға 1-жақта монолог түрінде экспозиция жазады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Мұңға батқан Жетімкөл (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Адамзаттың мәңгілік мәселесі (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]