Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 8-сабақ
Оқу мақсаты: Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Оқу атысы» жаттығуы
Сынып оқушыларына алдымен «Шәкәрім талантының жақұт қырлары»» бейнежазылымынан көреді.(https://www.youtube.com/watch?v=Rv4RmWP5gZo).
Интерактивті тақтадан немесе флипчарттан үш түрлі шеңбер суреті көрсетіледі. Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады. 1.шығармаға қатысты сөздерді іріктей алады;
2. белгілі бір үзіндіні мақсатына сай таңдайды;
3.үзіндіні орынды қолданады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз» әдісі
Бұл тапсырма «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз» әдісі арқылы орындалады. Сынып оқушылары екі топқа бөлініп, түзу сызықтың бойына қарама-қарсы қарап тұрады. Екі топқа да «Жастарға» өлеңінің үзіндісі беріледі. Бір оқушы пошташы кейпіне кіріп оқушыларға конверт таратады. Конверттің ішіне өлеңнен үзінділер жазылады.
1-топ:Білмегенді білуге тырысалық!
Жалқаулықты көңілден сырысалық!
Босқа күлген күлкіні күйлемелік!
Шын ақылға мойынды бұрысалық!
Жақсы білім іздеуге жалықпалық!
Табылмаса, тарығып, талықпалық!
Салақтықты қоялық, сақ болалық!
Білгенді, білмегенді анықталық!
2-топ: Кейде бірге жүрелік, кейде ойналық!
Ойнап, күліп, кешікпей ой ойлалық!
Ойынымыз аз болсын, ойымыз көп,
Оймен талап етпеген іс қоймалық!.
Жарасымды мінезді жатқа алалық,
Жанға қас жамандықтан сақтаналық!
Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық –
Бұлардан бой тасалап ақталалық!
Оқушылар берілген шумақтар бойынша бірінші жастардың мәтіндік портретін сипаттауға негіз болатын сөз тіркестерін іріктеп алады, екінші суретін салады. Сурет салуға арналған арнайы А3 қағазы мен түрлі-түсті фломастерлерді почташы таратып береді. Суретті салып болғаннан кейін пошташы екі топтың суреттерін жинап алып сараптама жасап, бағалайды. Топ мүшелері пошташы жұмыстарына бағалау жасап, қорытынды ойын айтып тұрғанда «Тоқта! Пошташы мырза, бір минут кідіріңіз» деген сөзді айту арқылы сұрақ қоя алады. Сұрақ сараптамаға байланысты болады. Оқушылардың өз жұмыстарын қорытындылаушы пошташының сараптамасымен келіспей, қарсы пікір айта алады.
Қабілеті жоғары оқушыға пошташы рөлінде тапсырмаларды бөлу мен сараптау тапсырылады, қабілеті орта оқушы пошташыға сұрақ қояды.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«Айналмалы бекеттер» әдісі
1. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру кезінде шығарма үзінділерін дәлел ретінде қолданады.
2. Бөлмеге қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бірқатар бекеттер қойылады (оқушыларды қалам түстеріне қарай топқа бөлу қажет, әр топқа әр түсті қалам беріледі, осылайша топтар қандай үлес қосқанын көруге болады).
3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр баралық!
Мынау Абай- бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ, айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық!
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» - делік
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» - делік!...
1. «Талқылау сұрақтары»
Ақын қазақ жастарын неге шақырады?
Абайдың қандай қасиетін жоғары бағалайды? – оқушылар талқылау сұрақтарын үзіндіден дәлел келтіре отырып топпен талдайды.
2. «Пайымдау сұрақтары»
Өлеңде ақын жастардың санасын ашудың қандай жолдарын іздестіреді?
Ақын шығармасында нені өзінің «азаматтық парызы» деп есептейді?
Ақын жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?
Қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз эксперт ретінде топ жұмысын бағалайды.
3-тапсырма
«Тренер – ойыншы» әдісі
Оқушылар алдыңғы тапсырмадағы топтары бойынша отырады. Топ мүшелері «тренер» , «ойыншы» рөлдерін бөліп алады. Әрқайсысы шығармаға қатысты 5 сұрақ жазады. Сұрақтар сұрау есімдігінен басталуы тиіс:
«Не, кім, қашан, қайда, неге, қалай, Егер ... болса, не болады?».
Тренер: шығарма үзіндісін дайындайды, артында жазылған сұрақтар болады. Бірінші сұрақ қояды. 2 - оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда көмек береді.
Ойыншы : сұраққа шығармадан дәлел келтіре отырып жауап береді. Егер сұрақтың жауабын білмесе тренерден көмек сұрайды.
Қабілеті жоғары оқушыны тренер, қабілеті орта оқушы ойыншы рөлін атқарады.
4. Бекіту
4-тапсырма
«Сөйлемді толықтыру» әдісі
Сынып оқушылары төрт топқа бөлінеді,топ құрамы алмасады. Бірінші топтан екі оқушы екінші топқа, олардың екеуі бірінші топқа, екі оқушы төртінші топтан үшінші топқа , үшінші топтан екі оқушы төртінші топқа барады. Топқа шығарма үзінділері таратылады. Әр топтан бір спикер шығып, үзінді бойынша өз ойын айта бастайды. Топ спикері ойын аяқтағанда екінші топтың спикері оған қарсы сұрақтар қояды. Топ мүшелері рөлмен ауыса алады. Сұрақтар төмендегідей үлгіде болады.
• Неге....
• Мұны қайдан білесіз....
• … үшін сізде қандай дәлел бар.
• Сіз неге олай ойлайсыз…
• Сіз келісесіз бе…
• Түсіндіре аласыз ба…
• … үшін не істеу керек?
5.Салыстыру
5- тапсырма
«Мәтіндік зерттеу» әдісі
1-қадам. Оқушылар дәптерлеріне өлеңнің өздеріне ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алады. Жазған бөліктері бойынша жұппен пікір алмасып, ой бөліседі.
2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін кестені толтырып жазады.
Өлеңдегі негізгі ойды тап.
Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес, ақпараттарды белгіле.
Өлеңді бүгінгі күнмен салыстырып, өмірлік қағида шығар.
Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.
6.Бағалау
«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс
1-қадам. «Жастарға » өлеңін жұппен талқылайды.
2-қадам. Жеке күнделік толтырады.
Өлеңдегі ерекше әсер еткен жолдар Жеке түсінік беру: Өлең қандай ой туғызды? «Бүгінгі күннің жастары қандай болмақ...»
(шығармадан туған ой
Жұмысты топ спикері бағалайды. Спикерлер тапсырманы бағалауда сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне басшылыққа алады......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауидің авторлық тұлғасы (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз: