Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
"Кейіпкермен кездесу" әдісі
«Еңлік-Кебек» дастанының бас кейіпкерлері (Еңлік, Кебек, Кеңгірбай би, Матай руының биі) болғысы келетін оқушылар қалауымен ортаға шығады.
Тапсырма:
Өздеріңізді «Еңлік-Кебек» дастанының кейіпкерлерімен кездесуде отырғандай елестетіңіздер. Сіздердің кейіпкерлерге тек қана төрт сұрақ (Қайда? Қашан? Неге? Қалай?) қоюға мүмкіндіктеріңіз бар. Сұрақтар креативті болсын. Жауап та соған сай болуы қажет.
Әр топ кейіпкер есімдері мен сұрақтарды жеребе бойынша бөліп алады. Ойлануға және жауап беруге 2 минуттан беріледі.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ. «Ойлаудың алды қалпағы»
Ақ қалпақ – «Суреттерді сөйлет» Оқушылар Еңлік-Кебек оқиғасы, Шәкәрім дастаны, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы, пьесадан үзінділер, пьесаның өміршеңдігі, Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсы, «Еңлік-Кебек» үңгірі, мұнарасы, ескерткішінің суреттері беріледі. Оқушылар тізбектегі суреттер жайды ақпараттар жинап, жан бітіріп, суреттерді «сөйлетеді» (суреттер дидактикада берілген).
Сары қалпақ – Еңлік пен Кебекке бүгінгі қазақ жастары атынан өлмес, өшпес ескерткіш қою.
Қызыл қалпақ – Дастанда Кенбай мен Көбейге:
Әнет бабаң емес пе менің атам,
Бірақ ондай қабыл ма менің батам?
Көшсем қоныс, отырсам көмегім жоқ,
Көрсетемін, қайтейін тыныш жатам,- деп ел бірлігі үшін еріксіз екі жасты ұстап беруге мәжбүр болған Кеңгірбай бидің ішкі толғанысын монолог түрінде жалғастырыңыздар.
Қара қалпақ – Матайлардың ру намысын қорғап, Еңлік пен Кебекті өлтіруге бел байлаған іс-әрекетін жақтап, өз пікірлеріңізді дәлелді қорғаңыздар.
Жасыл қалпақ – дастанның өздеріңізге ұнаған тұсын драма жанрына айналдырып, әсерлі қойылым әзірлеңіздер.
Көк қалпақ - РАФТ стратегиясы бойынша шағын мақала жазып, шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды.
Рөл– журналист
Аудитория – оқырман
Форма – мақала
Тақырып – «Еңлік-Кебек» дастанының бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.  шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;
щығарманың жаңашылдығына баға бере алады.
өз ойын сенімді жеткізеді
Топтық бағалау.
2- тапсырма ЖЖ. «Соңғы сөзді мен айтайын»
Төмендегі пікірлерге сүйеніп, дастандағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріңіздер:
 «Еңлік-Кебек» дастаны — әдебиетімізде өмip құбылыстарын адам тағдыры арқылы ашудың, оны мұқият зерттеуге батыл бет бұрыстың алғашқы тәжірибелерінің бірі.
 Шығармаларының негізгі кейіпкерлері – сол тұстағы қоғамдық ортадан алынған шынайы образдар. Олардың сезімі, жан дүниесі, өмір құбылыстарын түсінуі, адами күйзелісі өмірде болып жатқан шындықтармен қабаттасып жатады.
 Шәкәрімнің поэмалары ... «Сөз алдынан» деген сөз басымен басталады. Бұларға ортақ жай – аталған поэмалардың сөз басы философиялық толғаммен басталып, онда ақынның адам, өмір, қоғам жайындағы дүниетанымдық толғамдары көрініс тапқан. Эпикалық туындыларын осылайша бастау – ақын қаламына тән ерекшелік.
 «Қазақ дастанында «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамырдан» кейін диалогты кең пайдалану дәстүрі қалыптаса бастады. Екі кейіпкердің диалогы қазақ өмірі мен дәстүр, ғұрпын, екеуінің ішкі әлемін айқындауда маңызды орын алып тұр. Сонымен қоса, кейіпкерлер диалогында небір бейнелі оралымдар автордың танымы мен көркемдік шеберлігін танытады.
 Оның бірде-бір басты кейіпкері қоғам ағымының, қоршаған ортаның ықпалына кіріптар емес. Себебі, олар рухани жан дүниенің деңгейімен ғана іс-әрекетке баратын, өмірлік көзқарастары адам сүюге, жаратушыға деген ықыласқа ден қойған жандар. Ақынның қолтаңбасы өзгеше.
 Ақын бірде-бір кейіпкерінің сыртқы портретін ұзақ суреттемейді. Себебі, ақын кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең мән береді. Ішкі дүниені суреттегенде ой дүниеге, ішкі танымға, оның небір қалтарыстары мен сырларына үңіледі.
 Шәкәрім поэмаларында кейіпкерлерінің рухани әлемін, оның жан күйзелісін, психологиясын, терең сезімдерін, қоғамдық құбылыстармен салыстырып көрсете білген. Себебі, ақын адамның күрделі де, құбылмалы жан әлемінде махаббаттың, ізгіліктің рухани тазалықтың, қоғам, заман ауқымынан биіктігін дәлелдей көрсеткен.
Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін сыныптағы өздерін толғандырған пікірлер бойынша кемінде үш жұппен кездесіп, пікір алмасады. Одан қанша жұппен кездескісі келсе де, шек қойылмайды.
Кездескен жұптарының жауабына байланысты пікірлерін стикерге жазып кетеді. Соңында ең көп жағымды пікір жинаған жұп жеңімпаз атанады және олардың жауабы сыныпта тыңдалады.
3- тапсырма Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Дастанның заманауилығы мен жаңашылдығы бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны 10-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]