Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме)Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Болжау
Иллюстрацияларда қандай өнер түрлері бейнеленген?
Айтыскер, ақын, жыршы, термеші, жырау ұғымдары туралы не білеміз?
Бұл өнер түрлерінің әдебиетке қатысы бар ма?
Аталған өнер түрлерін музыкамен, домбыра және тағы да басқа аспаптармен байланыстырып көріңіз.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап көріңіз.
Мұғалім оқушылардың болжамын тыңдап, сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырды.
1-тапсырма. Берілген суреттерді пайдалана отырып, Мұрат Мөңкеұлы кластерін құрастырыңыз.
2-тапсырма. Оқушыларға зар заман ақындары туралы ақпарат беретін шағын мәтін таратылады. Оқушылар үзіндіні оқып, зар заман ақындарының ерекшелігін және зар заман ақындары жырларының жыраулар поэзиясынан өзгешелігі туралы жұбымен ой бөліседі.
Мағынаны тану
1-тапсырма. ДЖИГСО
1-қадам. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. Топтарға Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңінің мәтіні беріледі.
2-қадам. «Үш қиян» өлеңінен бірдей үзіндіні алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрып, мәтін бөліктеріне сай топ мүшелері:
№1. Өлеңнің 1-7 бөлімдерін;
№2. Өлеңнің 8-13 бөлімдерін;
№3. Өлеңнің 14-20 бөлімдерін;
№4. Өлеңнің 21-26 бөлімдерін;
№5. Өлеңнің 27-31 бөлімдерін бөліп алады.
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салып, сөздік жұмысын жүргізіп, негізгі ойды, сюжеттік желіні анықтайды.
2-тапсырма. Негативтен позитивке
Ақынның ойынша, бұл – ешкімге опа бермеген құтсыз қоныс, сондықтан «осы ауыртпалықтан құтылудың бірден-бір жолы – жерді, құтсыз қонысты тастау керек» деген ақынның утопиялық пікіріне антиутопиялық пікір білдіріп, ақын өмір сүрген заманның жарқын сипатын елестете отырып, «Үш қиян» өлеңіне қорытынды жазыңыз.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарманың сюжеттік желісін, эпилог, прологтарды анықтайды сабақ тақырыбына болжау жасайды
Суреттерді пайдаланып кластер құрастырады
шығарма мазмұнымен топта танысады
сөздік жұмысын жүргізеді
шығарма сюжетіне мен құрылымындағы ерекшеліктерге түсінік береді
ақынның көңіл-күйін өзгертіп, өлеңге қорытынды жазады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 4-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі Ұлт тағдыры жолындағы қасірет (8 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]