Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері №2 (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері №2 (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• үзіндіні не мақсатпен таңдағанын түсіндіре алады;
• үзіндіге сүйене отырып көзқарасын дәлелдейді.
Сабақ барысы:
1. Жаттығу-тренинг
«Бір сөзбен» жаттығуы. Бір оқушы өз қалауымен сыртқа шығады. Қалған оқушыларға «Қорқыт – қобыз» әнінің екі тармағы таратылады. Олар оның әр сөзін бір-бірден бөліп алады. Сыртта тұрған оқушы ішке кіргенде барлығы дауыстап, өздеріне берілген сөзді ғана айтады. Ол қандай өлең жасырылғанын тауып айтуы керек.
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Ойқозғау. Бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші «Қорқыт ата кітабы» мазмұнында батырлық жырлармен қатар даналық сөздер жинақталған.
4. «Кластер» құру.
қанатты сөздер бата-тілек
афоризмдер өсиет сөздер
адамгершілік
құндылықтар
ұрпақтар сабақтастығы
тәлім-тәрбие салт-дәстүр
Т. Оқушыларға Қорқыт атаның нақыл сөздері таратылады. Нақыл сөздермен танысып, оқып шыққаннан кейін оларды тақырыптық ерекшелігіне қарай топтастырады.

5. «Пирамидалық талқылау» стратегиясы
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен
танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын сынып алдында қорғайды.
6. Қорқыт ата нақылдарының тақырыптары:
- ата салтын қастерлеу;
- жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтар;
- отбасындағы ананың рөлі.
Дескриптор
- нақыл сөздерді қайталап оқып шығады;
- тақырыбына қатысты ойын жинақтайды;
- жеке пікірін жазады;
- ортақ пікірді тұжырымдауға ат салысады;
- сынып алдында қорғайды.
7. «Серпілген сауал»
- ... (оқушының аты) жауабы туралы не ойлайсың?
- ... (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?
- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері №1 (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері №3 (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қорқыттың нақыл сөздері №2 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Қорқыттың нақыл сөздері №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]