Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Сабақ мақсаты: Жырдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты жыр мазмұнын меңгере отырып анықтайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
Оқушыларға экраннан жоғарыдағы суреттер көрсетіледі. Олар Қорқыт ата жайлы бұрыннан білетіндерін еске түсіріп, өз ойын жұбымен бөліседі.
Бейнебаян көру барысында қажетті деректерді жазып отырады. Әр топ өзге топтарға бір сұрақ қояды және өз топтарына қойылған сұраққа жауап береді.
Топқа бөлу
Оқушылар жоғарыдағы суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ.«ДЖИГСО» әдісі
1-қадам:
Оқушылар топта төменде берілген шығарма бөліктерін оқиды. Бөлікке ат қояды.
1-топ.
Баяндүр ханның тойындағы Байбөрі бектің қайғысы, оғыз елі бектерінің батасы, Байбіжанмен құдалық. Бәмсі-Байрақтың ерлігі. Қорқыт атаның балаға ат қоюы.
2-топ.
Бектердің аңға шығуы. Байрақтың Бану-Шешекті кездестіруі. Бану-Шешектің шартын орындауы. Қорқыт атаның Қаршарға құда түсуі.
3-топ.
Қызыл шекпеннің сыры. Бәмсі-Байрақтың гәуірлер қолына тұтқынға түсуі. Байрақтың туыстары, Бану-Шешектің қайғыруы. Жарташық суайттың Байрақты өлді деп хабарлауы, Бану-Шешекке үйленбек болуы. Көпестердің Байраққа жолығуы.
4-топ.
Бәмсі-Байрақтың гәуір қызының көмегімен тұтқыннан босауы. Бәмсі-Байрақтың елге оралуы.
5-топ.
Қазан бектің бақсының тілегін беруі. Оғыз елінің гәуірлерді жеңіп, той жасауы. Қорқыт атаның батасы.
2-қадам:
Әр топтан бір адам шығып, басқа топтарға барады. Жаңа топ мүшелері оқыған бөліктерінің мазмұнын бір-біріне әңгімелейді, ақпараттың қажеттісін жазып алады.
3-қадам:
Топтар жеребе бойынша тапсырмаларды бөліп алады:
1. 1. Оқиғаның басталуы.
2. 2. Оқиғаның дамуы.
3. 3. Шарықтау шегі.
4. 4. Шиеленісуі.
5. 5. Оқиғаның шешімі.
6. 6. Әр топ тапсырма бойынша мәтіннің өздеріне берілген бөлігін тауып дәлелдейді.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар сабақты «Бес жолды өлең» стратегиясымен қорытындылайды:
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
2 сөз тіркесі
1 синоним....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]