Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар хикмет шумақтарымен алты топқа бөлінеді.
Мағынаны тану
1- тапсырма Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Ата өсиеттерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
2- тапсырма ТЖ.
«Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау»
«Қожа Ахмет Йассауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны» деген тақырып бойынша «Даналық кітабының» идеясын, тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды:
а) обьективтілігі;
ә) шынайылығы;
б) толықтығы;
в) өзектілігі;
г) құндылығы;
ғ) түсініктілігі.
Қорғау кезінде автордың жеке қөзқарасын, түйіндеген идеялық ойларын тұжырымдайды.
Топтар өз постерлерін қорғайды.
Бағалау парағы
Критерийлер Рубрикалар
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың тарихи құндылығын ашады.
Мәтіннен нақты мысалдар келтіру арқылы көркемдік құндылығын зерттейді.
Өз ойларын шығарма мазмұнына сүйене отырып, дәлелді түрде сенімді жеткізеді.
Қалыптастырушы бағалау.
3-тапсырма ЖЖ. «Керемет пікірталас»
Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша пікірталасқа түседі:
1. «Даналық кітабының» философиялық тереңдігі неде? Тарихи құндылығына тоқталыңыз.
2. «Даналық кітабының» көркемдік құндылығына дәлелмен пікір білдіріңіз.
3. Сіз үшін ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Оқушылар өз жауаптарында автордың тіл шеберлігі мен даналық ойларының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыттың нақыл сөздері 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 1-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп» «Балаларыма өсиет» толғаулары 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]