Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
Шығарманы талдауға қатысады;
Көптеген оқушылар
Шығарманы ұлттық құндылығы тұрғысынан талдап, көркемдегіш құралдарын анықтайды;
Кейбір оқушылар
Көркемдегіш тәсілдердің қолданысын тиімді талдайды;
Әдеби эссені ұлттық құндылық тұрғысынан талдап жазады.
Сабақ барысы:
Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.
Оқу мақсаты таныстырылады.
Топтар қағаз қиындыларындағы сұрақтарды суырады. Оқушылар топ ішінде сұрақтарға жауап дайындайды, талдайды, ойларын ортаға салады.
Сұрақ:
- Шығармада Махамбет бойындағы қасиеттер қалай байқалды? Қай жолдарда анық байқалды?
- Әке мен бала диалогынан қандай қорытынды ой шығарар едіңіздер?
- Шығармада ұлттық құндылықтар қалай сипатталды?
- Шығарманың «Нарынқұм зауалы» деп аталу себебін қалай түсіндірер едіңіздер?
Топтарға кесте таратылады. Шығармадан берілген үзінділердегі көркемдегіш тәсілдерді анықтап, олардың қолданылу ерекшелігін түсіндіреді.
Көркемдегіш құралдар Шығармадан мысал Қолданылу себебі, ерекшелігі
Аллитерация
Ассонанс
Қайталау
Эпифора
Риторикалық сұрақ
Синекдоха
Бағалау
Топтар жұмыстарын өзара алмастырып, дұрыс орындалған ұяшықтардағы жұмыстарды жұлдызшамен бағалайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды Шығармадағы көркемдегіш құралдарды ажыратады;
Символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақтардың қолданысын талдайды.
Тапсырма:
Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдай отырып, «Қайсар рухты қазақ» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]