Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 3-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 3-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың Тақырыбы: А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар: Әдеби шығармадағы тұлғаны таниды;
Көптеген оқушылар: Шығармадағы тұлғаның адамгершілік қасиетін талдайды.
Кейбір оқушылар: поэзиядағы автор бейнесін анықтайды.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру жұмысы.
Қызығушылықты ояту
«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен ескерткіштің не екенін білемін, ескерткішке гүл шоғын қояды» деп тоқыма жіпті ширатып, қарсы жақтағы оқушыға лақтырады.Ол өз ойын жалғастырып айтады. «Ескерткіш ол тастан жасалады». «Онда ақынның есімі мен туған жылы жазылады». «Оның жанында ақынның өлеңдері оқылады» деп оқушылар бір-біріне жіпті ширата лақтыру арқылы ойларын кеңейтіп айтады.
Сынып 4 топқа бөлінеді.
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
С. Тыңдалым алды тапсырмасы.
Интербелсенді тақтадан кесте көрсетіліп, оқушылар жауабын белгілейді. Дәл тапқан оқушылар жұлдызшамен мадақталады.
Кейбір тұсында мұғалім бағыт береді.

Тапсырмалар иә жоқ
А.Пушкин -орыстың ұлы ақыны
Ол өлеңдерін қазақша жазған
Өлең –шағын көлемді поэзиялық шығарма
Ақын өлеңінде өз жайын, арманы мен мұңын жырлайды.
Ақын өлеңіндегі қаһарман - халық
Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді.
Кері байланыс.
- Шеңбердегі тапсырма қызықты болды.
- Тез ойлап ойдан тауып айтуға кідіріп қалған тұстарымыз болды.
- Нақты әрі шапшаң жауаптар болды.
- Кесте тапсырмасында барынша тез, мұқият орындауға тырыстық.
- Маған тапсырмалар ұнады.
Ойқозғау
Ортада сұрақ
С Өлеңде кімнің бейнесі сипатталып тұр?
Неге ақын өзі туралы жазды?
Көркем шығармадағы лирикалық кейіпкер (қаһарман) кім?
Оқушылар нақты, болмаса жанама жауап береді.
Мұғалім түсіндірмесі.
Лирикалық шығарма мен лирикалық қаһарман туралы.
Әдебиет теориясынан.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық (пәлсапалық) ой маңына жинақталады.
ТЖ Оқушылар ақын өлеңін оқулықтан оқи отырып,
«Әдеби шеңбер» әдісімен тапсырма орындайды.
1-оқушы-талқылаушы
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табады.Дәлелді ой айтады.
2-оқушы-белгілеуші
Өлеңдегі ақын бейнесін анықтайтын тұстарын белгілеп, түсіндіреді.
3-оқушы-байланыстырушы
Шығармадағы тұлғаны адамгершілік тұрғыдан талдайды.Оны шынайы өмірді байланыстарды.
4-оқушы-қорытындылаушы
1. Автор өлең арқылы айтайын деген ойын 1 сөйлеммен түйіндейді.
5-оқушы-суреттеуші
Өлеңге сай етіп сурет салады. (мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбаларды қолдана алады).
(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)
Оқушылар рөлдеріне сай жауаптарын жалпы сыныпқа түсіндіреді. Топтар бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды.
Оқушыларға бағалау критерийлері беріледі.
Бағалау критерийлері Дескриптор
Шығармадағы тұлғаны адамгершілік тұрғыдан талдайды. Ақынның адамгершілік қасиетіне өлеңнен дәлел келтіреді.
Оны шынайы өмірмен байланыстырады
Поэзиядағы автор бейнесін анықтайды. Өлеңдегі ақын бейнесін анықтайды.
Авторға баға береді.
• Өздері ескерткіш тұрғызса қалай орналастырар еді? Пікір –ойларын 1 сөйлеммен түйіндейді.
Топтар бір-бірін бағалайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 3-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]