Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтыңтақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
Сабақ мақсаты Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінен үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға доп беріледі. Допты қағып алған оқушы Шортанбай ақын өмір сүрген заманды сипаттайтын белгілерді танытатын сөз не сөз тіркесін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Қажетті сөздер: тар заман; азулыға бар, азусызға тар заман т.б.
Топқа бөлу
Оқушылар өлең шумақтарымен топтарға бөлінеді.
Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар түсіндіріледі.
1-тапсырма Ж/ЖЖ/ТЖ/С.
(дифференциацияға негізделген тапсырма)
Қадамдары:
 оқушыларға өздеріне ұнаған өлең үзіндісін жаттауға 10 минут беріледі. Олар кемінде 3 шумақ жаттап үлгеруі тиіс.
 Тапсырманы орындау уақыты аяқталған соң, жаттағанын жұбына айтып береді.
 Жақсы жаттағаны тобына айтады.
 Топтағы ең жақсы жаттаған оқушы «Автор орындығында» айтады.
 Қалған топтар «Автор орындығында» отырған оқушыға жаттаған үзіндінің мазмұны бойынша кемінде 2 проблемалық сұрақ қояды.
 Топтарға А3 парағы беріледі. Әр топ «Дастархан» әдісімен жаттаған үзінділерін таңдап алу себептеріне 2-3 дәлел келтіріп, өз ойларын (30 сөз) параққа жазады.
 Парақтың ортасына таңдап алу себептеріне қатысты ортақ пікірлерін жазады.
 Сағат тілі бағытымен жылжыта отырып, әр топ басқа топтың жұмысымен танысып, баға береді.
Кері байланыс
Тапсырмаларды орындауда қиындықтар болды ма?
Неге назар аударар едіңіз?.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қобыланды батыр» жыры (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» «Зілді бұйрық» 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 3-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]