Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 3-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
А/И3. Көркем шығарманың тілі
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
Сабақ мақсаты: Айтыстағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Оқушыларға топтың бір мүшесін сипаттап жасыр деген тапсырма беріледі. Әр топтан бір спикер келіп жасырған оқушыны сипаттап айтады. Мысалы: «Қара шашты, бойы ортадан жоғары, сөзі салмақты, сабақта бұлбұлша сайрайды» деген сияқты сипаттаушы сөздерді қолдану керек. 3 минут.
Оқушылар нөмірлену арқылы 6 топқа бөлінеді.
Мағынаны тану сатысы
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.
Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

 Символ дегеніміз не?
 Синекдоханың метонимиядан айырмашылығы қандай?
 Қайталаудың қандай түрлері бар.
Символ, синекдоха туралы түсінік: 5 мин
Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)
1. лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;
2. өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.
Синекдоха метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады.
Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мысалы, Ақтан Керейұлының мына өлеңінен эпифораны айқын көреміз. "Қыз бала көркем көрінер Беттегі нұрлы қанменен... Еділ көркем көрінер Жағалай біткен талменен..." деген сөз тіркесін қайталау термелеп бірнеше нәрсені тізбектеу үшін қажет болған.[1]
Анафора (қатысты дейксис) - сөйлеудің әр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішіні (орысша Клянусь я первым днем творенья, Клянусь его последним днем. Клянусь позором преступления...).[1]
• Лексикалых анафора- сөзді немесе сөздерді қайталауға негізделген анафора (орысша He непрасно дули ветры, He напрасно шла гроза).[2]
• Синтаксистік анафора - бір грамматикалық құрылымды кайталауга негізделген анафора (орысша Я стою у высоких дверей. Я слежу за работой твоей).
• Фонетикалық анафора - дыбысты не дыбыс тіркестерін қайталауға негізделген анафора (орысша Грозой снесенные мосты. Гроба с размытого кладбища...).
• Анафорлық - алдында айтылғанға түсінік беретін сөз немесе сөздер (орысша Вы просите песен, их нет у меняКурсивное начертание).
Тапсырма:
Сүйінбай ақынның айтысынан алынған үзіндідегі көркемдік қолданыстарды тауып, кестені толтыр.
Мәтін:
СҮЙІНБАЙ МЕН ҚАТАҒАННЫҢ АЙТЫСЫ
Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.
Атақты ас жиынды құттықтауға,
Бауырлас қырғыз елі, саған келдік.
Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,
Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.
Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,
Келіп ек амандаса Орманханға.

Қол жайып, құран оқып өткендерге,
Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.
Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,
Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!
Қырағы аспандағы ақиықпын,
Құмары басылмайтын борандатпай.

Қатаған сөзден жаңылып,
Өзінен өзі қағынды.
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды.
Наркескенге жолықтың,
Шашамын судай қаныңды.
Болаттан соққан қылышпын,
Алтындатқан сабымды.

Тоқсан баулы Қоңыраттың.
Тоқсан екі ұлы бар,
Білуші ме едің, Қатаған,
Кім екенін Қыпшақтың?
Естіп пе едің, Таманың,
Көкбөрісі даланың.
Жабылып атқа қонғанда,
Көзіңнің жасын төгуден,
Ашылмас сенің қабағың.
Тіліңді шайнап, қан құсып,
Астында тастың жатарсың.
Әй, Қатаған, Қатаған,
Күнің қандай болады?
Қазақты жинап алғанда.
Қанеки бетке, қарашы,
Толып жатқан көп қазақ,
Көк пенен жердің арасы.
Көппін деген қазақтан,
Қатағанның жоқ санасы.
Манаптары қырғыздың,
Қатағанды ақын деп,
Алып келдің ұялмай,
Қатаған ақын сөйлсе,
Күлесің езу жия алмай.
Енді міне отырсың,
Орыныңнан тұра алмай.
Мына отырған Қатаған,
Қайта-қайта мақтанып,
Жантайдың шенін қоймайды.
Аңға шыққан тазыға,
Оғанда қарғы байлайды.
Еменнен күшті ағашпын
Майысса да сынбайтын.
Алдаспанға жолықтың,
Басыңды кеспей тынбайтын.
Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін
Шығарма Қатаған үніңді,
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді.
Жардағы өскен жапалақ,
Бұралқы иттей абалап,
Келтірме менің жынымды.
Қырғыз, Қазақ қосылып,
Енді топқа кіргізбе,
Ақын деп мақтап мұныңды?! - деп тоқтағанда батыр Жантай:
- Сүйінбай ботам! Сен жеңдің. Қатаған жеңілді. Көппін деп мақтанғаны басына сор болды. Аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді? Қазақтың алауыз халық екенін айта алмады, - деп ашуланған Жантай екпіндеген Қатағанға сөз бермей, кейін серпіп тастады. Айтысты қортындылған Қара Бәйтік:
-Өзіңдей қазақтың жүйрік, алғыр ақынына қандай силық жасасақта жарасады. Ерлігіңді, еркелігіңді қырғыз халқы көтеріп алады. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен жеткізші, Сүйінжан! - дейді екі елдің айтысын басқарып отырған Қара Бәйтік.
Айт десеңіз, айтайын,
Мырзалығыңды байқайын.
Ер тоқымы алтыннан,
Бір ат мінгіз арғымақ.
Керегесі күмістен,
Босағасы асыл тас,
Бір ақ отау үй бергіз.
Алтын қынап қылыш бер,
Білегіме ілерге.
Он жеті жасар бір қыз бер,
Онымен ойнап күлерге.
Он бес атан түйе бер,
Жүгімді артып жүрерге.
Бір қос жылқы берерсің,
Еліме айдап барарға.
Қос жамбас алтын берерсің,
Сандығыма саларға.
Айтысты жеңген Сүйінбай,
Кем берсең бұдан алар ма?!
Келістіріп сөйлесе,
Жақсылардан сөз қалар.
Суырылған жүйрік болмаса,
Топқа түсіп не табар?
Ақ, қараны шешетін,
Көріп тұрған Алла бар! - дейді Сүйінбай
Символдық қолданыстары бар тармақтар Білдіретін мәні Автор ойын жеткізудегі орны
Синекдохалық қолданыстары бар тармақтар Білдіретін мәні Автор ойын жеткізудегі орны
Қайталаудың түрлеріне қатысты мысалдар (анафора, эпифора)
Ассонанс
Аллитерация
Риторикалық сұрақтар
Шумақ саны:
Тармақ саны:
Бунақ саны:
Буын саны:
Ұйқас түрі: .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А.С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» 2-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 4-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 3-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]