Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
А/И4. Шығармашылық жұмыс
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Сабақ мақсаты: Айтыстағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады. «Бес қадам» ойыны бойынша әрбір 4-оқушы ортаға шығып, тапсырмаларды орындайды. Рет саны бойынша таңдалған 5 оқушы 5 қадам аттап, төмендегі тапсырманы орындауы керек:
1) Сүйінбай атаған тарихи тұлғалардан 5 адамның есімін ата.
2) Сүйінбай ақынның бойындағы 5 қасиетті ата.
3) Қатағанның жіберген 5 қатесін ата.
4) Сүйінбайды жеңіске жеткізген 5 артықшылықты ата.
5) Айтыстан кейінгі Сүйінбай ақынның өмірінде болған 5 өзгерісті ата.
Қызығушылықты ояту:
Оқушыларға 2 минут айтыстың бас жағынан үзінді көрсетіледі.
Мағынаны тану сатысы
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.
Жазылым тапсырмасы
Төмендегі берілген әңгімені жалғастырып, айтыс өтетін орынды, оның өту барысын сипаттап, оқиға желісін өзгертіп, жазыңыз. Әңгімеңізде айтыскер ақындарды кейіпкер ретінде алып, олардың айтысқан сәттегі сезімдері мен көңіл күйлерін сипаттап, оқиға болатын орынды суреттеп,әсерлі түрде баяндап жазыңыз.
Алатаудың ар жағындағы жап-жасыл шоқылы дала төсі бүгін абыр-сабыр. Бұл асқа қазақ-қырғыз тегіс жиналуда. Сәйгүлік мінген қазақтың сал жігіттері де, домбырасын көлденең ұстап, үкілі тақиясын шекесіне қисайта киген айтыскер ақындары да бар бір топ жаңа келіп, кең даланы әнге бөлей келіп, белдеуге атын байлап жатыр еді...
Жазылымға қойылатын шарт:
 айтыстағы оқиға желісіне өз көзқарасы тұрғысынан өзгеріс енгізіп жаз;
 көркемдегіш құралдардың кемінде 2-3 түрін қолданып, оқиғаның өтетін орнын сипатта;
 айтыскер ақындардың сырт бейнесін, портретін сипатта;
 көрермен қауымның айтысты тыңдау барысындағы қабылдау эмоциясын егжей-тегжейлі, әрекеттері мен сөздерін сипаттап жаз.
 айтыстан кейінгі сәтті әсерлі жеткіз.
Жазылымнан кейінгі жұмыс:
Өзіңді бағала:
Дескриптор бойынша өзіңді тексер.
«Автор орындығы» стр.
Жазылым жұмыстарын топта оқиды. Ең үздігін таңдап алып, «Автор орындығында» оқиды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 5-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 4-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 3-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Қыз Жібек» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]