Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әдеби-сыни эссе (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әдеби-сыни эссе (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Әдеби-сыни эссе
Оқу бағдарламасына сілтеме: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы Б/С3. Әдеби эссе
Сабақтың мақсаты: Б/С2.Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру
Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» әңгімесінде көтерілген мәселені қаншалықты әсерлі жеткізгені туралы сыни шолу жасау. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Мағынаны тану кезеңі
Әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекетін талдату.
1-тапсырма :
Өз пікіріңізді білдіре отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра сипаттаңыз.
Кейіпкер іс-әрекеті
(әңгіме бойынша) ХХІ ғасырда ....
(қазіргі өмірге сай өз пікірі)
Дескриптор
- кейіпкерлердің іс-әрекетіне 2 мысал жазады;
- кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы өмірмен салыстыра отырып, өз пікірімен сипаттайды.
Бағалау: «Бағдаршам»
2-тапсырма :
2-тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз.
А) Әңгімедегі кейіпкер ананың өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, ұлына не үшін ренжігенін анықтаңыз.
"Ана үміті" тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.
(120-150сөз)
Дескриптор
- кіріспе бөлімде ана туралы өзіндік пікір білдіреді (25-30 сөз);
- негізгі бөлімде ананың баласына неге ренжіген себебін анықтайды (45-50 сөз);
- қорытынды бөлімде ананың бойындағы қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды. (25-30 сөз).
Ә)« Жазушының шығармада ананың ұлына деген ренішін қалай жеткізген» сыни эссе жазыңыз. (120-150сөз)
Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады.
Дескриптор:
- кіріспе бөлімінде шығарманың көтерген мәселені жеткізуін талдайды; (25-30 сөз);
- негізгі бөлімінде ананың ұлына деген ренішін жеткізуін талдайды; (45-50 сөз);
- қорытынды бөлімде әңгімеден түйген ойын жазады. (25-30 сөз).
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек».....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жырдағы кейіпкерлердің бейнесі (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Д Бабатайұлы «О Ақтан жас Ақтан жас» 2-сабақ (5 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әдеби-сыни эссе 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Әдеби-сыни эссе

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]