Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет.
Бөлім тақырыбы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – қазағымның ұраны
Оқу бағдарламасына сілтеме: А/И2. Автор бейнесі
Сабақтың мақсаты: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды Елтаңба, Мемлекеттік ту, Тәуелсіздік және Қазақ елі монументтері суреттері бойынша топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын пысықтау. Жұп топ сынып: оқушылар үй тапсырмасын жұбына әңгімелейді, жақсы шыққан жауапты топта, сыныпта әңгімелейді.
Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.
Қызығушылықты ояту
Т. Оқушылар «Егеменді ел» сөзіне кластер жасайды.
Бағалау: «Шапалақ соғу». Оқушылар топ болып келісе отырып, басқа топтың жұмыстарын бір (орта), екі (жақсы), үш (өте жақсы) рет шапалақ соғып, бағалайды.
Мағынаны тану
Т.Тапсырма: жауапты автордың астарлы мағынада көтерген мәселесімен байланыстырып беріңіз.
1-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Архат неліктен төрт айдан бері пропискаға тұра алмай жүр? Оның мекен-жайға тіркеле алмауынан нені аңғаруға болады?
2-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Автобустағы үш жігіттің басынан қандай оқиға өтті? Үш жігіт арқылы автор нені көрсеткісі келді?
3-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Архаттың басынан өткен оқиғаларды қалай бағалар едіңіз? Осы арқылы автор оқырманға нені жеткізгісі келді?
4-топ
Сұрақ Жауап Автор көтерген мәселе (астарлы мағына)
Жолаушылар-ды алда қандай қиындықтар күтіп тұр еді? Ауа райы мен адамдардың іс-әрекеті арқылы автор нені көрсеткісі келді?
Дескриптор:
- сұраққа жауап береді;
- автордың астарлы түрде көрсеткісі келген мәселесін анықтайды.
Бағалау: «Шапалақ соғу».
Ой толғаныс:
«Ал әйгілі желтоқсанның жөні тіптен бөлек. Ол үшін өліп кетсең де арман жоқ...» деген Архаттың ішкі ойын өз сөздеріңмен жалғастырып, бір минуттық эссе жазыңдар.
4-5 оқушы жазған эссесін «Автор орындығында» отырып оқиды.
Дескриптор:
- көзқарасын білдіреді;
- дәлел келтіреді;
- сөз саны – 40-50 сөз.
Бағалау: «Шапалақ соғу». ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 7-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Прописка» әңгімесі – көркемдік деңгейі жоғары туынды (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ерлан Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Тәуелсіздік – қазағымның ұраны 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Тәуелсіздік – қазағымның ұраны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]