Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Т/Ж3.Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, «өрмекшінің торы» ойынын ойнайды. Әңгімедегі кейіпкерлер қандай деген сұрақ қойылғаннан кейін, шеңбердегі оқушының бірі тоқыма жіпті келесі оқушыға «Ораш мейірімді» деп айтып лақтырады. Жіпті қағып алған оқушы «Ораш жақсы тыңдарман» деп бір-бірінің айтқанын қайталамайды. Осы тапсырма арқылы жаңа сабақты, жаңа мақсатты меңгертуге жол салынады.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Кестені толтыр. Берілген үзінділер қай кейіпкерге тән?
Тортай
Ораш
Менің үзінділер арқылы шығарған қорытындым
«Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап, әкем де, шешем де сол – кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің – бәрі-бәрі ұмтылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын.
«Кетерімде ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа cен мінерсің».
«Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді».
Шешемнің қолынан – бір, жолынан – екі алып, әр күн сайын Тортайға таситынмын.
«Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң – мен шығарып салайын»
2- тапсырма
Ораш бала кезінде бірге өскен досы Тортай келгенде амандасуға шықпай қалды. Осы әрекеті дұрыс па?
Оқушылар пікірлерін жұпта топта айтады. Ортаға әр топтан екі оқушы щақырып, әр түрлі позицияда дәлел сөйлеп келтіруге дағдыландыру. оқушылар көбінесе қате, келіспеймін деп екенін айта алғанымен, Орашты қорғайтын позицияны ұстай алмауы мүмкін. Оқушының мәселені екі жақты қарастыра алуы маңызды, сондықтан тапсырманы жұпта орындатқан кезде, төмендегі тәсілді қолданудың берері мол. Төмендегі схемада көрсетілгендей, 1-оқушы өз пікірін мәлімдеп айтады. Мысалы: Тортайдың осы әрекеті дұрыс емес. 2-оқушы жұбына сұрақ қояды. Мысалы: Неліктен олай ойлайсың? 1-оқушы ойын дәлелдеп айтады. 2-оқушы 1-оқушының пікіріне қарсы шығады. Мысалы: Амандаспағаны дұрыс болды, себебі Тортай орындалмаған арманын ойлап, өзін Орашпен салыстырып, көңілі түсер еді деген сияқты. 1-оқушы өз пікіріне әңгімеден негіздеме жасап, Ораштың өкінішін, ұялатынын әңгімеден мысал келтіріп ауы мүмкін. 2- оқушы әңгімеге сүйене отырып немесе өзінің жеке қорытындысына сүйене отырып 1-оқушы пікірін жоққа шығарады. Екеуі де ұстанған позициясы бойынша қорытынды жасайды.
Бұлай талдау оқушының ойын жүйелейді, пікірін дәлелді айтуға бағыттайды.
3- тапсырма
Кейіпкерге хат жаз
1- қадам: Шығарма кейіпкерлерін бөліп беріңіз.
3 –қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек екенін түсіндіріңіз.
4 – қадам: Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс екендігін есіне салыңыз.
Егер ... болса, не болар еді? Неге? Неліктен?
4–қадам: Осы сұрақтарға оқушылардың өзі мүмкіндігінше балама жауап ұсынуы қажет екенін түсіндіріңіз.
Мүмкін,... ... болған шығар?
5 –қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазғызыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Қабілеті жоғары оқушыға кейіпкер кестесін толтыртуға болады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тортай мінер ақбоз ат (6 сынып, III тоқсан )
» Сабақ жоспары: О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 1-сабақ (Қазақ әдебиеті, 6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» (6 сынып, III тоқсан )
» Сабақ жоспары: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 6-сабақ (Қазақ әдебиеті, 6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]