Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» №2 (6 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» №2 (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» №2
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Б/С2. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Өлеңдердің тақырыбы мен идеясын түсінеді, заман бейнесін түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Өлеңдердің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді, жаңашылдыққа баңа береді.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?!
- Балалар, Сұлтанмахмұт атамыз алдына «халықтың көзін ашсам, еліме пайдам тисе» деген ұлы мақсат қойды. Сіздер келешекте қай салада халыққа пайда тигізіп, ел игілігіне бағытталған жұмыс атқарғыңыз келеді?
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа қатысты ойларын шығады.
Оқушыларды сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру
Ой шақыру
1.Оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін кезектесіп айтады.
2.Топтағы оқушылар өлеңдерді тыңдай отырып, лирикалық кейіпкер бейнесін ашатын жолдарды түртіп алады.
3. Тыңдай отырып, мәтіннен өз өміріне, іс-әрекетіне септігін тигізер қандай қорытынды жасағанын айтады.
«Ақынның асқақ арманы»
Мұғалім оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров өмір сүрген кезеңнің көрінісін сипаттайтын бірнеше мәтін таратады.
Оқушылар жұпта мәтін бойынша пікір алмасады.
Сол заманның белгілерін постер арқылы қорғап шығады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін оқиды.
Т. Топта төмендегі сұрақтарды талдау арқылы өлең идеясын, мазмұнын ашады:
• Шәкірт нені армандайды?
• Күн болудағы мақсаты не?
• «Қазақ аспанында күн болу» дегенді қалай түсінесің?
С/Т. Өлеңнің бір үзіндісі бойынша оқушы ойын жеткізуге бағыттау мақсатында «Пирамидалық талқылау» әдісі арқылы «Өлеңдегі осы эпизодтың маңызы қандай?» деген сұраққа жауап бере отырып жазады, айтады.
ЖЖ.
Мұғалім оқушыларға өлеңнің әр екі тармағынан үзінділер таратады. Жұптасқан оқушыға осы үзінділердің мағынасын бір-біріне түсіндіріп, белгілі бір уақыттан соң басқа жұпқа, одан кейін келесі жұпқа барып түсіндіреді.
Дескрипторлар:
- заманның белгілерін іріктейді;
- өлең идеясын, мазмұнын ашады;
- өлең үзінділерін жан-жақты талдайды.
«Өршіл өлең, қайсар мінез, қилы заман»
Мұғалім сыныпқа ортақ сұрақ қояды:
С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңіннің сол заман үшін жаңашылдығы болды ма?
Ж.
С.Торайғыров өлеңінің өз заманында, қазіргі кездегі жаңашылдығы туралы ойларын жүйелеп, эссе жазады. Соңынан оқиды.
Дескрипторлар:
- тақырыпты ашады;
- заман ерекшелігін талдайды;
- сөз санын сақтайды (50-60 сөз).
Қалыптастырушы бағалау....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 8-сабақ (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің маңызды эпизодтары (6 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» №2 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]