Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 1-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 1-сабақ
Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Төмендегі мәліметтерді оқы, қандай адамға тән мәлімет деп ойлайсың?
(Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1.Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер.
Оқушылар төмендегі деректер бойынша елестетіп, қандай адамның өлшемдері екеніне болжам жасайды. Жауаптар алып адам, ауыр атлет, балуан деуі мүмкін.
Мағынаны тану кезеңі
1-топ тапсырмасы
• Үзіндіні оқы
• Үзіндігі дейін, үзіндіден кейін қандай оқиғалар болды?
– Көрсе немене... – деп қар күреген бала есiк алдында тұрғандарды қаңбақтай қақтырып, сеңдей соқтырып, қаға-маға сарайға кiрiп келдi. Басқаны бүрлiк-тiрген аяз, оған шыбынсыз жаз сияқты. Үстiнде мақталы жыртық шапан, биялайын белiне қыстырып, бас киiмiн қолына ұстап, қимылдап жүрген кiсiлерге аңы-рая қарады. Тұрған орнынан жарты кездей ғана жерге әрең жылжыған кеспектiң қасына жақындап, иығымен қағып, астындағы қалың тақтайды сықыр еткiздi.
2-топ тапсырмасы

– Орлий, сен маған мырзасынған былшылыңды айтпай,
мына қазақты қолыңа түсiрiп ал. Кiрекешiңе мұндай адам керек қой. Ол ретi келгенде жиырма кiсiнiң жұмысын iстейдi. Жотасына қарашы, буыны қатпаған бала, шойыннан құйған алыптардың ескерткiшi сияқты...
3-топ тапсырмасы

– Менен басқа кiсi саған сексен тиыннан артық
бермейдi. Мен сенi аяп үлкен жiгiттерге беретiн айлық берiп тұрмын. Оның үстiне
мына алпамсадай денеңе, оны киiммен жабдықтауға, iшетiн тамағыңа екi-үш жiгiтке беретiн қаржым артық шығатынын бiлесiң бе!
4-топ тапсырмасы

– Бұл қалай отыз пұт көтередi? Бойы 1жарым кез, салмағы 200 қадақ2 , Рас,
мойны, қол-аяғы жуандау. Бiрақ отыз пұт жүктi көтеруi мүмкiн емес, – деп есепшiсi
өзiнiң өгiз өлшейтiн есебiн айтты. Өз сөзiн қостамағанына Масликов та ренжiп:
– Жарайды, ендеше Мұңайтпасовтың кереметiн кейiн
көрерсiңдер, – дедi.
5-топ тапсырмасы

– Ой, тәйiрi, қасқыр, аю, қабан дегендер – ит емес пе, иттен кiсi қорқа ма? Тек мына, адам жататын жерде тышқанның шиқылдағаны жаман... Мұқанды ас үйiнiң ауыз бөлмесiне жататын еттi де, өзiне екi ат, бiр шана берiп, шөп, отын әкелiп тұру жұмысын тапсырды.
Тапсырманы топта жұпта талдап, ой бөліскеннен кейін осы бөлім бойынша кесте толтырады:
Басталуы
Дамуы
Шиеленісуі
Шарықтау шегі:
Шешімі:
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады
Қабілеті жоғары және мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларды жұптастыра отырып, Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін зерттеп, шығын презентация жасап кел деген тапсырма беру арқылы оқушының ізденушілік қабілетін дамытуға болады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаяты Әңгіменің композициялық құрылысына талдау (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қалмақан Әбді «Қажымұқан» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз: