Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Сөздердің мағынасын анықта . Осы сөздерді қатыстырып шағын мәтін жаз.
Ермек үшін жазу, ертегіні теру, орамды тіл, үлгі беру, көзі ашық, жастар деген сөздер қиынды түрінде әр топтың алдына тасталады.Әр топқа бір-бір түсіндірмелі сөздік берілуі керек. Оқушылар топта осы сөздердің мағынасын анықтағаннан кейін, осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады. Сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста мәтін түрінде болу керек.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Салыстыр. Алғашқы шумақтағы ойды талда. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықта.
Оқушылар Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін бірлесе отырып оқиды. Оқушылардың түсініп оқуына уақыт беріледі. Топ ішінде бір бала дауыстап оқуына немесе іштей жеке оқуларына болады. Әсерін арттыра түсу үшін мұғалім аудио арқылы тыңдатуға болады.
Оқушылар алдымен бірінші шумақтағы ой мен өздерінің жазған шағын мәтіндегі ойды салыстырады. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықтайды, пікірлерін жұпта айтады.
2- тапсырма
Абай Құнанбайұлы өлеңнің 2-шумағын қара сөзге айналдырып жаз. Бұл жолдарда қандай адамды сынайды? Неліктен?
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
3- тапсырма
Өлеңнің идеясы қандай?
_______________________________________________________________________________
4- тапсырма
Үлгі бойынша өлеңге сатылай кешенді талдау жаса.
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Бағалау дескрипторы
Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды
Жанрды анықтайды 
Өлеңдегі сөздердің мағынасын анықтайды, түсінеді 
Идеясын анықтайды 
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды 
Мұғалім қолдауын қажет оқушыға ізденіп, шағын жоба жазып келуге тапсырма:
Абай Құнанбайұлының балалық шағы мен өскен ортасы қандай? Қосымша ізденіп оқығаннан кейін, сыныптастар арасында сауалнама жүргізу. Мысалы сыныпта 20 адам болса:
• Абайдың шыққан тегін білетін адам саны -16
• Телғара деп еркелеткен аты болғанын білетін адам саны -9
Абай Құнанбаев өлеңдерін орта жастан асқанда жазғанын білетіндер-4
Сауалнама жүргізу арқылы оқушы ақын жайлы тереңірек білдіру мақсаты қойылады, ал бала үшін қызығы – басқалардың білімін анықтау. Зерттеу жүргізу маңыздылығын сезіну.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2 (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін/ мәнерлеп жатқа оқу (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Құнанбайұлының өлеңдері (6 сынып, II тоқсан )
» Сабақ жоспары: А Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі №2 (Қазақ әдебиеті, 6 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]