Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні (6 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Жазылымда аллегорияны қолданып, екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көркем ауыстыруларды қолданып, екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Үзіндіні жалғастыра отырып, теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қызығушылықты ояту
1. «Ең,ең...»
Сабақ басталмас бұрын парта ұяшықтарына түрлі сұрақтар жазылған стикерлер жабыстырылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Сіздің ең сүйікті ақыныңыз кім?
2. Абай шығармаларынан ең қатты ұнайтыны қайсы?
3. Адамды бұзатын ең жаман қасиеттерді атаңыз.
4. Адамды бақытқа жетелейтін ең ізгі қасиеттерді атаңыз.
Оқу мақсаты, бағалау кр таныстыру, талқылау
Ой шақыру
1. Әдебиетте неліктен көркем ауыстырулар қолданылады?
2. Көркем ауыстырулардың қандай түрлерін білесіздер?
3. Абай шығармаларынан мысал келтіре аласыздар ма?
«Тауып көр!»
Берілген үзіндіден теңеулерді табыңыз. Ол теңеулердің қолданылу себебін түсіндіріңіз.
... Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Жауабы: ұзақтай, қарғадай
Дифференциациялық тапсырма.
Жеке жұмыс
А деңгей
Жануарлардан екі кейіпкер ойлап табыңыз (Мысалы: Тұлпар мен Есек). Бірін ақылды, екіншісін надан адамның бейнесінде диалог құрастырыңыз.
Бағалау критерийлері:
- Жазылымда аллегорияны қолданады;
- екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.
В деңгей
Абайдың Тән құмары мен Жан құмарын екі кейіпкер бейнесінде бір-бірімен айтыстырыңыз. Олар адам үшін өздерінің маңыздырақ екенін айтып талассын.
Бағалау критерийлері:
- Көркем ауыстыруларды ажыратады;
- екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.
С деңгей
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады ...» Үзіндіні өз ойыңызбен жалғастырып, 50-60 сөзден тұратын мәтін құраңыз. Жазбаңызда теңеулерді, көркем ауыстыруларды көбірек қолданыңыз.
Бағалау критерийлері:
- Берілген үзіндіні өз ойымен жалғастыра алады;
- жазба жұмысында теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер қом сулар» толғауы (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жырының көркемдік тәсілдері (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Ана тілі» өлеңі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 4-сабақ (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Жусан иісі» хикаятындағы көркем ауыстырулардың қолданылуы (6 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз: