Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі

Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Айқай диктантын жаз.
Сынып бірнеше топқа бөлінеді, іштерінен «айқайшы» сайлайды. Айқайшының міндеті мәтінді жүгіріп барып оқып, жүгіріп келіп топқа қатесіз айтып, диктант жазғыздыру. Ол үшін мұғалім Абай Құнанбаевтың 31-қарасөзін бірнеше дана қылып, А4 қағазына шығарып, сынып бөлмесінің сыртындағы қабырғаға, біреуін сынып ішіндегі топтарға алыстау қабырғаға бірнеше жерден іліп қояды, Әр айқайшының қай жерден оқып тұратынын мұғалім белгілейді. Қарасөз мәтіні шағын, әрі жаңа сабақты осылай бастау оқушының қызығушылығын арттыра түседі. Жазып болған соң, әр оқушы өз жазғанын түсініп оқуға уақыт беріледі.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Сәйкестендір
Көкірегі байлаулы болу керек төртінші
сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек Екінші
көңілге бекіту керек Үшінші
ой кеселі нәрселерден қашық болу керек Әуелі-бірінші
2-тапсырма
Кестені толтыр
Сөз Мен қалай түсіндім? Сөздіктегі мағынасы Сөйлем құра
Көкірегі байлаулы болу
ғибратлану
көңілге бекіту
ой кеселі
қашық болу
3- тапсырма
Қарасөздердегі автор бейнесі қандай? Баға беріп, талдап жаз. Ойыңды 5-6 сөйлеммен жеткіз.
_________________________________________
Бағалау дескрипторы
Қарасөзде көтерілген мәселені біледі 
Автор ойын анықтай алады 
Автор бейнесін біледі 
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма:
Отыз бірінші қарасөздегі естіген нәрсені ұмытпастыққа тағы екі себеп қосып, Абай атаның ойын жалғастырып жаз....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Құнанбайұлының қарасөздері 1-сабақ (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының жетінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Құнанбайұлының өлеңдері (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының қарасөздері (6 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]