Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод (6 сынып, I тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Жырдың құндылығын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жырдың кейіпкерлерді салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жырдағы кейіпкерлерді салыстыра отырып, құндылықтарға баға береді.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды жол сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлу. Топ өздеріне түскен суреттері туралы айтып өтеді.
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын, үй тапсырмасын пысықтаймын.
II. Қызығушылықты ояту.
Түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін бейнебаянды тамашалау. (5 минут)
Талқылау сұрақтары:
Неліктен Алып Ер Тоңаның қазасы халықтың қабырғасына батты?
Адам өмірінің өлшеулігі, мәнді де мағыналы өмір сүру туралы ойларың қандай?
III. Мағынаны тану кезеңі. Топтық жұмыс
1-тапсырма:
Топта берілген құндылықтарға қатысты жырдан эпизодтарды анықтаңыздар. Анықталған эпизодтар бойынша берілген құндылықпен байланыстыра отырып, өзіндік баға беріңіздер.
1-2-топ.
Құндылық Эпизодтар
Туған жерді қорғау
3-4-топ.
Құндылық Эпизодтар
Ерлік істерді дәріптеу
Дескриптор:
-құндылықты танытатын 2 эпизодты анықтайды.
- берілген құндылықпен байланыстыра отырып, баға береді.
Кері байланыс
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
2-тапсырма
Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін талқылаңыз.
1) Талқы себепшісі – жыр бойынша (кейіпкер, сюжеті, қарым-қатынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) 5 сұрақ құрастырады.
2) Белгілеуші – жырдың қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.
3) Байланыстырушы – жырдағы тарихи құндылықтардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4) Қорытындылаушы – кейіпкердің ерлігін дәріптейді.
Дескриптор:
- рөлдік тапсырмаға қатысады;
- шығарма сюжетін анықтайды;
- жырдағы тарихи құндылықты өмірмен байланыстыра отырып, баға береді;
- кейіпкердің ерлігін анықтап, дәлелдейді;
- жыр бөлімдерін талдайды.
Кері байланыс.
Бағалау: «Басбармақ» әдісі....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жырының көркемдік тәсілдері (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы) (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Джек Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі (5 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» 2-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Алып Ер Тұңға» жырындағы маңызды эпизод

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]